295
3) Алынған мәліметтерді салыстырыңыз, А және Б
нұсқаларындағы бейтараптанудың жылу эффектісінің өзгешелігі
туралы қорытынды жасаңыз.
Құралдар және реактивтер
.
Калориметриялық қондырғы,
термометр, өлшеуіш цилиндрлер, 1,0М аммоний гидроксиді
NaOH, тұз қышқылы HCl, сірке қышқылы CH
3
COOH ері-
тінділері.
Тәжірибенің орындалуы.
Тәжірибе калометриялық қондырғыда жүргізіледі (1-сурет).
А
–
нұсқа:
150 мл-ден 1,0 М ерітінділерді, күшті негіздік
натрий гидроксидін NaOH және күшті тұз қышқылын HCl
дайындаңыз. Алдын ала өлшенген калориметриялық стаканға
дайындалған сілті ерітіндісін қосып, 0,1
0
С-ге дейінгі дәлдікпен
температурасын өлшеңіз. Қышқыл ерітіндісінің температура-
сында осындай дәлдікпен өлшеңіз.
Содан кейін қышқыл ерітіндісін сүзгі арқылы араластыра
отырып калориметриялық стаканға құйыңыз. Ерітінділерді
құйып алғаннан кейінгі термометр көрсететін максималды
температураны белгілеп алыңыз. Бейтараптау реакциясы кезінде
бөлінетін жылу мөлшерін есептеу үшін алғашқы температура
ретінде қышқыл және сілтінің орташа арифметикалық темпе-
ратурасын, ал соңғы температура ретінде ерітінділерді құйған-
нан кейінгі ерітіндінің жоғары температурасын алыңыз. Ерітін-
дінің тығыздығын бірлікке теңдеп алыңыз, сонда ерітіндінің
салыстырмалы жылу сыйымдылығы судың салыстырмалы жылу
сыйымдылығына тең, яғни, 4.18.10
3
Дж/ К кг.
Б
–
нұсқа:
Әлсіз негіз аммоний гидроксидінің NH
4
OH және
әлсіз сірке қышқылының CH
3
COOH бейтараптануының жылу
эффектісін анықтау тәжірибесі А- нұсқада жазылған әдіс
бойынша жүргізіледі.
Әдебиеттер
1.
Бірімжанов Б.А.
Жалпы химия. – Алматы: ҚР ЖООҚ, 2011.
2.
Құлажанов Қ.С., Сүлейменова М.Ш., Иманбеков Қ.И
.
Бейорганикалық химия. – Алматы: ҚР ЖООҚ, 2011.