Стр. 296 - ДЛЯ ППС

Упрощенная HTML-версия

296
№8. ЗЕРТХАНАЛЫ¡Ж°МЫС
ХИМИЯЛЫ¡ КИНЕТИКА
Жұмыстың мақсаты
:
химиялық реакцияның жылдам-
дығына әр түрлі факторлардың әсерін зерттеу.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Химиялық өзара әсерлесу механизмін және әртүрлі
факторлардың реакция жылдамдығына әсерін оқытатын
химияның бөлімі
химиялық кинетика
деп аталады.
Химиялық реакциялар келесі
кинетикалық сипатта-
малармен
анықталады: жылдамдық, константа, молекулалық,
реті, активтендіру энергиясы және жартылай айналу периоды.
Химиялық реакцияның жылдамдығы
(
) –
бірлік
көлеміндегі (гомогендік реакциялар үшін) немесе фаза аралық
аумағының бірлік бетіндегі (гетерогендік реакциялар үшін)
бірлік өлшем уақытындағы әрекеттесуші заттардың
концентрациясының өзгеруін сипаттайды.
 
 
с
моль/м ,
SΔτ
Δn(X)
гeт υ с;
моль/м ,
VΔτ
Δn(X)
гoм υ
3
3
Реакцияның жылдамдығы реагенттердің табиғатына, олар-
дың концентрациясына, температурасына, катализатордың
қатысуына, қысымға (газдар үшін), қатты фазаның беттік күйіне
(гетерогенді реакциялар үшін) тәуелді.
Реакция жылдамдығын әрекеттесуші заттардың концен-
трациясымен байланыстыратын, әрекеттесуші массалар
заңының математикалық өрнегін
реакцияның кинетикалық
теңдеуі
деп атайды (
К. Гульдберг және П. Вааге
, 1864-1867
ж.ж.):
берілген температурадағы химиялық реакцияның
жылдамдығы реакция теңдеуіндегі стехиометриялық коэффи-
циенттерге тең болатын көрсеткіш дәрежесіндегі әрекет-
тесуші заттар концентрацияларының көбейтіндісіне тура
пропорционал.