Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
-
каскадты араластырғыштарда, онда балық пен тұз еңіс
орналасқан жаймалармен құлдилай, бағытын бірнеше рет ауыстыра,
жақсылап араласады;
-
арнайы барабанды айналмалы араластырғыштарда.
Майда балықты ақтара
,
әдетте, тұздау ыдысын толтыру кезінде тегістей
отырып тұздайды. Егер қолмен тұздалатын болса, онда тұз мӛлшерін астынан
үстіне қарай біртіндеп арттырады және балықтың астыңғы қатарына
қарағанда үстіңгі қатарларына тұз 1,5 есе кӛп болатындай болуы керек.
Балықтың үстіңгі қатарын қалыңдығы 1,5-2,0 см тұздың тегіс қабатымен
себеді.
Ірі балықты тұздау кезінде тұздау ыдысына қатарлап салады. Алдымен
балықты тұзға аунатып алып, барлық кесіктері мен желбезек қуыстарын
толтырады. Тұздау ыдысының түбіне тұз қабатын сеуіп, оған терісін тӛмен
қаратып балықты салады. Балықтың әр қатарын ыдыс толғанша мӛлшерін
арттыра отырып тұздайды.
Құрғақ тұзбен тұздау ең сенімді және кең таралған амалы болып
табылады. мұндай тұздауда балықтан оның бастапқы су мӛлшерінен 40%
алынады.
Аралас тұздау.
Аралас тұздауда балықты құрғақ тұзбен және
тұздықпен тұздайды.
Ӛлшемі орташа балықты келесідей тұздайды. Күбі немесе басқа тұздау
ыдысының түбіне алдымен кішкене тұздық құяды және оған балықты
салады. Балықты тұздық толық жапқанда, юалық қатарларын құрғақ тұзбен
себеді. Балықтың әр қатарын тегістеп, тұзбен себеді.
Ірі балықты аралас тұздауда құрғақ тұзбен себе отырып салады, ал
құдық арқылы салу соңында тұздықты күбіге немесе ваннаға құяды және ол
тиісті сыйымдылықтың бұрышына қалдырылады. Аралас тұздауда балық ең
басынан тұздықпен біркелкі қоршалады және тұздау процессі құрғақ
тұздауға қарағанда тезірек жүреді. Бұл ірі және майлы балықты тұздауда,
сонымен бірге қайықтарда майшабақтарды бӛшкелерде тұздауда әсіресе
маңызды.
Тұздықты (сулы) тұздау.
Тұздықты тұздауда балықты белгілі бір концентрациядағы тұздықтарда
(әдетте қаныққан) тұздайды.
Жаңадан әкелінген тұтас немесе мүшеленген балықты ас тұзының
қаныққан ерітіндісі бар тұздау ыдысына (күбіге, ваннаға) салып, оны белгілі
бір уақыт ұстайды. Тұздаудың мұндай амалында балық бірден тұз
ерітіндісіне түседі.
Тұздықты тұздау біршама ғана тұздау қажет етілетін ауыспайтын
тұздықтарда және тұздың қатты қаныққан концентрациясы қажет етілетін
ауыспалы тұздықтарда жүргізіледі. Тұздықты тұздаудың кемшілігі балықты
тұздау кезінде оны балықтан алынған сумен араластыру нәтижесінде
тұздықтың бастапқы концентрациясының тез азаюы болып табылады.
жылжымайтын тұздықтарда диффузия процессі, сәкесінше күбідегі