Стр. 71 - ДЛЯ ППС

Упрощенная HTML-версия

Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
кӛтергіштігі 30 тоннаға дейін жетеді. Суды салқындату үшін тоңазытқыш
қондырғыларды орнатады. Бӛліктердегі су температурасы автоматты түрде
ұсталып тұрады. Бӛліктерге тірі балықты салу нормасы 1 тонна суға 2500-
2800 кг аспауы тиіс (норма салмағы 500 кг тұқыға есептелген).
Автокӛлікпен тасымалдау. Автокӛлікпен тірі балықты ұзақ
қашықтықтарға тасымалдайды. Бұл үшін пенопласт плиталардан жасалған
изотермиялық және герметикалық контейнерлерді пайдаланады. Контейнер
массасы 30-40 кг. Полиэтилен пакеттері де кең қолданыс тапты. Пакеттердің
екі түрі бар – стандартты (сыйымдылығы 40 л) және ірі балықты
тасымалдауға арналған ірі габаритті (300 л дейін).
Суы бар пакетке балықты салып, ұзындығы 5-6 см резеңке түтікті
қояды. Пакеттің соңын оқшаулағыш лентамен айналдырып байлап, қысқыш
кигізеді. Оттегі пакетке резеңке түтік арқылы оттегі балонынан беріледі.
Осылайша қапталған пакетті үлкен қашықтықтарға тасымалдауға болады.
Егер тасымалдау кезінде температура ӛзгеретін болса, онда оларды
мақтаның, поролонның немесе қағаздың кӛмегімен жылудан сақтайды. Суды
салқындату үшін қораптарға полиэтиленге қапталған мұзды салады.
Тасымалдау кезінде балықтың бір бӛлігі ӛледі және судың ластануын
болдырмау үшін, жүдеген балықты алып тастап салқындатылуы тиіс. Салу
және шығару уақытын қоса алғанда тасымалдаудың ең ұзақ уақыты – 3
тәулік. Бұдан артық уақыт болса, онда бұл балық салмағының кемуіне
(майының жоғалуы), тіндерде судың шамадан артық су жиналуына әкеліп
соғады.
Тасымалдау кезінде балықтың салмағы шырыштың жоғалуы есебінен
кемиді. Жоғалулар балық түріне байланысты және 1 ден 2% дейін құрайды.
Балықты түрлеріне қарай балықшылардың ӛздеруі сұрыптау тиіс, алайда
кәсіптік жағдайлар бұл шартты үнемі орындауға мүмкіндік бере берейді.
Қабылдау тәртібі мен ережелері сапасы, түр құрамы мен ӛлшемдері
бағаланатын тиісті стандарттармен регламенттеледі. Тірі балықты аталған
кәсіптік кәсіпорын Техникалық шартты басшылыққа алған кезде
қабылдайды. Балық санын, алдымен тасымалдау кезінде сақталып қалған
мұзды ала отырып, салмағын ӛлшеу арқылы анықтайды.
Балық сапасын шығарар алдында органолептикалық белгілер
(тіндерінің икемділігі, желбезектерінің түсі, бетінің түсі, иісі) бойынша
нақтыланады.
Тірі балықты дүкендерде аквариумдарда сақтайды. Су ағынды немесе
оны оқтын-оқтын ауыстырып тұру қажет. Ол хлорланбаған, оттегінің
мӛлшері жеткілікті, температурасы 5—10 °С болуы тиіс. Су оттегі жеткілікті
болмаған жағдайда, балық әлсіз бола бастайды және ӛліп кетуі мүмкін. Суды
оттегімен қанықтыру үшін, аквариумға ауаны айдайды немесе жоғарыдан
түсетін су ағынын жібереді.Бір сағаттың ішінде су толық ауысуы тиіс.
Балықты таза аумен алып, орнын ауыстырады, балықты цистернадан
аквариумға салғандағы су температурасының айырмасы 5—6 °С артық
болмауы тиіс.