Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
10м3/сағ компрессордан шығатын ауаның кӛмегімен аэрацияланады.
Автоцистернаның алдыңғы бӛлігінде бір мезетте 100 кг дейін мұз бен
жүдеген балық сақтала алатын сыйымдылық болады. Цистернаның артқы
қабырғасында балықты жіберетін ауа түтік құбыры бар диаметрі 250 мм люк
бар.
Балықты автомобиль кӛлігімен тасымалдау кезінде салудың келесі
нормаларын қолданады: судың 1 тоннасына тұқы – 1,0 т, қарабалық – 1,5,
жайын – 1,1, шортан – 0,8 т. Бұл ретте судың оңтайлы температурасы 3-4°С.
Балықты автоцистернаға салар алдында суды керек температураға
дейін жеткізеді, жазда оны таза мұзбен салқындатады. Балықты салар
алдында суды оттегімен қанықтыру, кӛміртегі мен хлор диоксидін жою
үшін, салу люктерінің қақпақтарын аша отырып, аэрациялық жүйесін 10-15
минутқа қосу керек. Салу кезінде компрессор үздіксіз жұмыс істеуі тиіс.
Балықты үстіңгі люктер арқылы салады. Толық салып біткеннен кейін, су
деңгейі люк аузының жоғарғы бӛлігінен 30-40 мм тӛмен болмауы тиіс. Салу
нормалары мен тасымалдау ұзақтығы су температурасына және ондағы
оттегінің мӛлшеріне байланысты. Температура жоғарылған кезде, салу
нормасын тӛмендетеді. Тұқы тұқымдастары үшін ұсынылатын салу
тығыздығында тасу уақыты 1,8, бекіре тұқымдастары үшін – 2,6 сағат,
албырт тұқымдастары үшін – 2,1 сағаттан артпауы тиіс. Аталған нормаларды
сақтамаған жағдайда, балық оттегінің жетіспеушіліген ӛліп кетуі мүмкін.
Автокӛліктің ұзақ мәжбүрлі тоқтауы жағдайында, аэрациялық жүйе үздіксіз
жұмыс істеуі тиіс.
Балықты тасымалдау үшін ИКФ-4 және ИКФ-5 типті алмалы-салмалы
контейнерлер ыңғайлы және оларды жүк машиналарына орналастырады.
Олардың кӛлемі 1,8 м
3
құрайды. Контейнердің тӛменгі бӛлігінде балықты
шығаруға арнлаған люк бар. Аэрация, автокӛліктің платформасына
бекітілген, бензинкомпрессорлық қондырғының кӛмегімен жүргізіледі.
Контейнерлерде термореттегіштер жоқ, сондықтан қоршаған ортаның
температурасы 0°С тӛмен болған кезде, балықты үлкен қашықтықтарға
тасымаған жӛн.
Темір жол кӛлігімен тасымалдау. Тасымалданатын балық мӛлшері
оның жеке салмағына, су температурасына, оттегі мӛлшеріне байланысты. Су
температурасы 10°С және оттегі мӛлшері 5 мг/ болғанда, салмағы 500 г
тұқыны 1 тонна суға салу нығыздығы 2800 кг құрайды, ал температура 15°С
болғанда – 1400 кг құрайды. Судағы оттегі мӛшерін 8 мг/л дейін арттырғанда
салы нығыздығы мен тасымалдау ұзақтығын арттыруға болады.
Балықты салар алдында бактарға температурасы 3-4°С таза су құяды.
Жеткізу жолында оған қарап тұрады, жүдеген балықты мұзы бар қалталарға
алып тастайды. Тірі балықты қыста алты тәуліктен артық емес, ал мұзбен
салқындатылған тӛрт тәуліктен артық емес тасымалдауға кеңес беріледі. Тірі
балықты температурасы 10°С жоғары суды мұзбен салқындатпай
тасымалдамауға кеңес беріледі. Тірі балығы бар қайықта тасымалдау.
Қайықтарда балықты арнайы бӛліктерде тасымалдайды. Қайықтың жүк