Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
Тасымалдау уақытының ұзақтығына, су мен ауа температурасына,
балық жасы мен ӛлшеміне қарай, су мен тасымалдауға арналған
сыйымдылықтағы балық арақатынасы әр түрлі болуы мүмкін.
Ірі даналарын балық пен судың 1:2—1:3 арақатынасы кезінде
тасымалдауға болады. Оттегі судың ашық бетінен түсуі кезінде балық пен су
арақатынасы 1:100 тең болуы мүмкін, ал механикалық айдау кезінде – 1:20,
суды ауада себу кезінде – 1:3 және суды оттегімен үрлеу кезінде – 1:4 тең
болуы керек.
Балықтың судың барынша аз мӛлшерінде қысым кӛрмеген кездегі
арақатынасы оңтайлы болып табылады.
Кӛптеген балықты тасымалдау кезінде қоза бастайды, мұндай
жағдайларда ауырттырмайтын препараттар қолануға болады: уретан, натрий
вероналы, хинальдин мен басқалары.
Балықты тасымалдау сыйымдылықтарында ұстаған кезде күрделі
гидрохимиялық үдерістер жүреді. Бұл үдерістерді саны жағынан кӛптеген
кӛрсеткіштер, соның ішінде кӛміртегі диоксиді мен аммоний тұздары
бойынша бағалауға болады. Табиғи суқоймалар суындағы кӛміртегі диоксиді
– 1,5-6,0 мл/л. Тұқы тұқымдастылар үшін шек 30 мл/л дейін, тұқы үшін – 140,
ал бахтах үшін – 40,0 мл/л шамасында. Кӛміртегі диоксиді судан тез
жойылып кетеді, сондықтан ашық немесе жасанды аэрацияланатын
сыйымдылықтардағы кӛміртегі диоксидінің шектік шамаға жетпейді. Тұқысы
бар су тоғандарындағы аммиактың рұқсат етілген шектері 1,5, ал шектік
шоғырлануы – 130 мг/л. Табиғи суқоймалдардағы оның әдеттегі мӛлшері 0,2
мг/л. Пакеттердегі тұқы балықтарының қысым кӛру күйі басталғанда тұзды
аммиак кӛрсеткіштері 25-50 мг/л дейін жетеді, сондықтан оның жиналуы
балықтың тіршілік ету қабылеттілігін шектейтін негізгі фактор болып
табылмайды.
Түрлері, ӛлшемдері мен салмағына қарай сұрыпталған, судың
ластануын туғызатын жарақат, аурулар мен түрлі кемістіктері жоқ
балықтарды ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.
Тасымалдауды кӛтере алатын және сатуға жиі түсетін балық түрлері:
тұқы, сазан, мӛңке балық, сүйрік, жылан балық, бахтах, қарабалық, аққайраң,
шортан, нәлім, жайын, алабұға, кішкентай балық, сиг, кӛксерке, ақбалық.
Тірі балықты тасымалдау амалдары. Тірі балық автомобиль, темір жол,
су мен әуе кӛлігімен тасымалдана алады.
Тасымалдау
ыдыс
ретінде
ашық
және
герметикалық
сыйымдылықтарды
пайдаланады.
Ашық
типті
сыйымдылықтарға
автоцистерналар, алмалы-салмалы контейнерлер, күбілер, ағаш жәшіктер,
вагондар, ванналар мен изотермиялық контейнерлер, жабықтарына –
полиэтилен пакеттері, қақпағы нығыз жабылатын бидондар мен басқалары
жатады.
Автомобиль кӛлігімен тасымалдау. Тірі балықты тасымалдаудың кең
таралған кӛлік түрі – автомобиль цистерналараы АЦРЖ-3 (кӛлемі 3м
3
),
АЦТП—2,8 (кӛлемі 2,8 м
3
) болып табылады. Олардағы су, ӛнімділігі