Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
қарыншасы. Қан тамырлары – ақорта, күретамырлар мен кӛк тамырлар.
Балықты қансыздандырғанда желбезек қанатшаларын жақын кейде
жүзбеқанаттары арасында кесік жасай отырып қарын ақортасын кеседі және
соғып тұрған жүрек тамыр жүйесінен қанды айдап шығарады.
Ішкі мүшелері. Оларға жүрек, ас қорыту мүшелері (ӛңеш, асқазан,
бауыр, ұйқы безі), бүйректер, жыныс мүшелері (гонадалар) мен торсылдақ
жатады. Олар борпылдақ шажырақайдың кӛмегімен ішек қуысында бос
орналасқан. Ішек қуысының ішкі қабырғалары тегіс бұлшықет тіні
перитонеуммен, ал үстінен бӛлшектеу кезінде алынып тасталатын жұқа қара
қабықшамен қапталған. Балық бауырының ӛлшемі біршама үлкен, гликоген
үйінділері мен май жасушалары бар, тамаққа қолданылады. Жыныс бездері
немесе гонадалар балықтарда қосарланған – аналықтарында аналық без
(ястыктар) және аталықтарында жұмалық. Аналықтарындағы аналық безі
есейген шағында уылыдырықтарға толы. Аталықтарыныңы жұмалықтарында
сперматозойдтар жетілетін қою сүт тәріздес сұйықтық – жұмалық
кӛпіршіктердің жиынтығы болады. Мұның барлығы ақуыз бен майлы
заттардан тұратын құнды тағамдық материал.
Жабын тіні мен жүзбеқанаттар. Балық денесінің жабыны тері мен
қабыршақтан тұрады. Тері екі қабат құрылыс – эпителиальді жасушалардан
тұратын эпидермистен (шырыш шығарады) және дерманың ӛзінен тұрады.
Дермада қабыршақ жататын қалташалар бар. Қабыршақ бір-бірін жауып
тұратын жұқа, дӛңгелектенген және икемді фибриллярлы пластиналардан
тұрады. Кӛптеген балықтардың қабыршақ бетінің астында қабыршаққа
жылтыр (меруертке ұқсайтын) беретін гуаниннің майда критсалдар қабаты
бар. Жүзбеқанаттар қатты тік және жұмсақ тарамдалған сүйектер – сәулелер
мен оларды қосатын дәнекер тіннен жасалған жарғақтан тұрады.
Сурет 1−
Балық денесінің құрылысы: 1 − жалпы ұзындығы; 2 − кәсіптік
ұзындығы; 3 − тұтас ет ұзындығы; 4 − құйрығының ұзындығы; а − желбезек қақпағы б
− арқа жүзбеқанаты; в − май жүзбеқанаты; г − кеуде жүзбеқанаты; д − қарын
жүзбеқанаты; е − анал жүзбеқанаты; ж − құйрық жүзбеқанаты.