Стр. 60 - ДЛЯ ППС

Упрощенная HTML-версия

Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
жиынтығымен сипатталады. Осы қасиеттердің жиынтығы олардың адамға
деген пайдалылығын анықтайды.
Балық ӛнімдері жоғары тағамдық құндылығы мен диеталық қасиеттер
ғана емес, ол денсаулықты жақсартуға, аурулардың алдын алуға және
адамның еңбекке қабылеттілігін арттыруға кӛмектеседі.
Балықтың майы жоғары тағамдық құндылығымен және дәрумендік
белсенділікпен сиаптталады, жоғары биологиялық белсенділігі бар, май
алмасуды қалыптандыратын, ағзадан артық холестеринді шығаратын, ағзаны
у-сәулелерден қорғайтын және қан тамырларына серпімділік беретін, ағзада
синтезделмейтін линолен, линоль және арахидон май қышқылдарының құнды
кӛзі болып табылады
Теңіз балықтарындағы бес-алты байланыспен қанықпаған май
қышқылдарының болуы (эйкозапентаенді, докозагексаенді) холестерин мен
қандағы оның эфирлерінің деңгейін тӛмендету есебінен адамда жүрек қан
тамырлары ауруларын алдын алуға болысады, ал бұл қан тамырларындағы
атеросклеротикалық ӛзгерістерді тӛмендетуге әкеледі.
Еттің
физиологиялық
және
тағамдық
толыққандылығын
қалыптастаруда балықта А және D дәруменінің болуы маңызды, себебі ол ет
және ӛсімдік тағамдарда болмайды.
А дәрумені қатерлі ісік ауруларын алдын алуға, А және В2 дәрумендері
адам терісінің ерте қартаюынан, D дәрумені рахитпен аурудың алдын алады.
Адам ағзасында минералды заттардың және бірінші кезекте адам
тіндерін қалыптастыруға қатысатын, сондай-ақ тіршілік процесстерінің
қалыпты жүруіне қажетті жағдайлар жасауға септігін тигізетін
микроэлементтердің маңызды рӛл ойнауын ескере отырып, балық осы
заттардыңғ маңызды кӛзі болып санала алады.
Адам ағзасына балықты тағаммен фосформен теңгерімді арақатынаста
кальций тұзының түсуі жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне, күйзелістік
күйлерді бәсеңдетуге септігін тигізеді. Сонымен қатар кальций тұздары
ағзаның инфекциялық және тіпті қатерлік ісік ауруларына қарсыласуында
септігін тигізеді деген ұйғарымдар бар.
Теңіз балықтарында темір мен жездің жоғары мӛлшері қаназдық
кезінде, ал йодтың кӛп мӛлшері – қалқанша без аурулары кезінде емдік және
профилактикалық тамақтануда маңызды.
Асқазан секрециясын қоздыратын азотты экстрактивті заттардың
мӛлшерінің кӛп болуының арқасында, балық сорпасын асқазан сӛлі
жеткіліксіз гастрит ауралырнда, емдік тағам ретінде беруге кеңес беріледі.
Тәбет тӛмен кезде жануар етін балықпен алмастырған кездже қолайлырақ,
себебі ол несеп қышқылды бүйрек тастарын түзбейді. Балықты сонымен қатар
тұз байлану аурулары кезінде де пайдаланған дұрысырақ.
Балықта таурин амин қышқылының мӛлшері қан қысымын, бауырдың
детоксикациялық қызметін реттеуге, қандағы бейтарап майлар мӛлшерін
азайтуға, инсулиннің бӛлінуіне септігін тигізеді.