Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
Ет ӛндіруді арттыруда ауыл шаруашылығы ғылымы мен озат тәжірибе
жетістіктерін кеңінен қолданудың да зор маңызы бар. Республиканың
ғылыми зерттеу мекемелері соңғы жылдарда мал мен құстың еттілігін
арттыру жӛнініде бірсыпыра тиімді әдістерді зерттеді.Осы әдістерді енгізу
белгіленген жоспарды орындауға және халықтың етке деген қажетін ӛтеуге
мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда белоктық қоректену туралы, әсіресе мал азығындағы
белокқа қатысты терең мәселе тұр. Мемлекеттің дамып келе жатқан елді
мекендерін жеткілікті азық ӛнімімен қамтамасыз ету үшін, оны ӛндіруді
жылына 2,0-2,5 пайызға арттыру қажет.Алайда, 1991-1997 жылдар
аралығында мал басының күрт азаюы шоғырланған шикізат кӛзі кӛлемінің
тӛмендеуіне ғана емес, сонымен қатар мемлекеттегі ет ӛндіретін
кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне де әсерін тигізді.Елді малмен
қамтамасыз етудегі жоспарлы түрде кепілі бар кӛптеген ірі және орташа
кәсіпорындардың кӛбі ӛз жұмысын тоқтатты.Тұрақты және нарыққа
бейімделгендері ұсақ кәсіпорындар болып шықты. Жеке ӛндірістің
тұрақтандырылуына және біршама артуына қарамастан, соңғы жылдары ішкі
нарықта құс етінің, шұжық ӛнімдерінің және ет консервілерінің импортты
даму бағытының 64% пайызға дейін ӛсуі байқалды.
Мал етін ӛндіруді күрт арттыру үшін мал мен құсттың тірідей
салмағын және олардың қондылығын кӛтеру шарт. Ол үшін ең алдымен
малды күтіп бағу мен азықтандыру жағдайын жақсартып, оларды үстеп
азықтандыра отырып, жайып семіртуді ұйымдастыру қажет.
Осы мәселені шешудегі басымды бағыттардың бірі – қазіргі замандағы
микроорганизмдерді пайдалану негізіндегі биотехнологиялар қолдану.