Стр. 4 - ДЛЯ ППС

Упрощенная HTML-версия

Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
КІРІСПЕ
Адамзат алдындағы тұрған маңызды мәселенің бірі - тағам ӛнімдерін
ӛндіруді кӛбейтудің түрлері мен тәсілдерін іздестіру. Жер бетіндегі күннен
күнге ӛсіп келе жатқан халықты жеткілікті тағаммен қамтамасыз ету үшін,
оны шығаруды жыл сайын 22,5 %-ға ӛсіріп отыру керек. Соңғы уақытта
олардың ӛндірісінің жылдық орта ӛсімі 1%-дан аспайды. Бұл мәліметтер
жыртылатын жер мен мал басы санының адам ӛсіміне қарағанда баяу ӛсуде
екені анықталып отыр. Сондықтан да әлем халқының 2/3 бӛлігі аштыққа
душар болуда. Белоктық тағамдану мәселесі, әсіресе, малдан ӛндірілетін
ӛнімге қатысты болып тұр. Азықта белок затының жетіспеушілігі, мал
ӛнімінің аздығы бала ӛлімінің кӛбеюіне әкеліп отыр. Адам ағзасында белок
затының синтезінің қызметін алмастыру мүмкіндігінің жоқтығы, адам
денсаулығын қамтамасыз ету үшін толық қанды белоктық тамақтану
мәселесі пайда болады. Малдан алынытын белоктың негізгі кӛзі ет, сүт,
жұмыртқа және балық болып табылады. Ет пен ет ӛнімдерінде адамға
қажетті белоктың жартысы бар, сондай-ақ оның ӛмір сүруіне қажетті май,
кӛміртегілер, гармондар мен басқа да биологиялық белсенді заттар болады.
Ет - мұндай микроэлементтерді беруші негізгі кӛз, мысалы, темір, цинк және
селен. Түрлі авторлардың зерттеулерінің мәліметі кӛрсеткендей, адам
ағзасына түсетін темірдің 30 % ет пен ет ӛнімдері арқылы келеді. Бұл
ӛнімдер ағзаға қажетті цинктің 1/3 бӛлігін ғана қанағаттандырады және
аздаған йод пен қамтамасыз етеді. Кейбір ғалымдар адам ағзасына селен
микроэлементін беруде еттің қосар үлесі белгісіздеу деп санайды, оның
қышқылға қарсы тұрар қасиеті бар. Үлкен кӛлемдегі пайдаланылған етте
адамға аса қажетті құнарлы В тобындағы витаминдер бар.
Еттің
адам
ағзасындағы
қызметі
зат
алмасу,ұлпалардың
түзілуі,сонымен қатар энергия кӛзі. Ет құрамында экстрактивті заттар, май,
су, минералды тұздар мен витаминдер сияқты организмге қажетті заттар
болады. Адам организмінің ӛсуімен қалыпты ӛмір сүруі үшін құнды белоктар
ӛте қажет.Экстрактивті заттар еттен әзірленген тағамдарға ас қорыту
сӛлдерінің айтарлықтай бӛлінуі және астың жақсы қорытылуы үшін дәм мен
хош иіс береді. Ет - ет ұлпасынан, майдан, қан тамырлардан,лимфадан
тұрады.Ет құрамындағы май ұлпалары еттің дәмділік-құнарлығын
арттырады.
Алайда Республикада ет ӛндіруді арттыру жӛнініде біраз табыстарға
қол жеткенмен, халықты бұл бағалы ӛнімге қажеттілігі әлі де болса толық
қанағаттандырылмай отыр. Мұның негізгі себебі барлық шаруашылықта ет
ӛндіру
бірдей
жолға
қойылмаған.Фермалар
мен
шағын
мал
шаруашылықтардың мал мамандары малды ӛз тӛлі есебінен ӛсіру, арзан
жайылым шӛбін пайдалана отырып, жайып семіртуді кең кӛлемде қолдану,
мал бордақылау және т. б. Маңызды мәселелерге әлі де болса жете мән
бермей келеді.