Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
ішінде ауа мүлдем болмауы тиіс.Шприц цилиндрі кӛпқабатты ӛндіріс
орындарында үстіңгі қабаттардан ойыспен түсіру немесе бункерден ковшпен
алу арқылы толтырылады. Ал ӛнімділігі аз кәсіп орындарда қолмен
толтырылады. Цилиндрді турамамен тығыз толтыру керек, әйтпесе, қуыс
қалып қоюы мүмкін, сондықтан турама цилиндр бетін толығымен жауып
тұруы қажет. Ірі кәсіп орындарда цилиндрді турамамен толтыру
механикаландырылған: шприцтеу бӛлімі машина бӛлімінің астында
орналасқан, сонда әрбір шприцке бір бункер немесе бір ойыс қондырылады.
Турама бункер арқылы арнайы жолдармен түбі ашылатын жылжымалы
ковштарға түседі. Жылжымалы ковштарды шприц цилиндріне салып, ковш
түбін ашады да, цилиндрді турамамен толтырады. Ковш түбін жауып, оны
келесі бункерге жылжытады. Шприц цилиндріне бӛтен нәрселердің түсіп
кетпеуі қажет. Батондарды пішіндеуде түтікшелерді (цевка) дұрыс таңдау,
пішіндерін дұрыс анықтау ӛте маңызды. Егер түтікше тар болса, турама
кедергіге тап болып, шығу жылдамдығы азаяды. Сонымен қатар, түтікше
ұзын болған сайын, тураманың шығу жылдамдығы әлсірейді. Үлкен
диаметрлі түтікшелер жіңішке түтікшелерден қысқа болуы керек. Түтікше
диаметрі қабықша диаметріне сәйкес болуы керек: егер түтікше жіңішке, ал
қабықша жалпақ болса, онда турамамен толтыру жылдамдығы азаяды; ал
егер түтікше диаметрі қабықша диаметрінен үлкен болса, онда қабықшаны
түтікшеге кигізу қиынға түседі.
Шұжық өнімдерін байлау және таяқтарға ілу.
Қабықшаны турамамен
толтырғаннан кейін, пайда болған батонды әр жерден байлау арқылы
біріктіреді. Байлау бірнеше операциядан тұрады. Ең алдымен батонның ашық
жағын байлайды, содан соң таяққа ілдіретін бау жасалады және батонды
тығыздау үшін әр жерден тартып байлайды. Жұмыс алдында пышақты
қайрайды және шпагатты суға салып қояды. Суланған шпагатты стол астына
арнайы жәшікке салады. Шұжықтардың кейбір түрлерін ӛндіруге арналған
турамаларды кесілмеген мал ішектеріне толтырады. Шпагат жіпті фартук
белдігіне ілдіреді. Шпагаттың соңын оң қолмен тігіне қойылған сол қол
алақанына лақтырып, алақанды горизанталь аударады да, сол қолдың бас
саусағына шпагатты орайды. Екінші, ортаңғы және тӛртінші саусақтарды
бүгіп, орамадан бір жіпті тартып, бау (петля) жасайды.
Байланған батондарды үстелде қалдырмайды. Ӛйткені, ол жұмысшыға
кедергі болады және тураманың бұзылуына алып келеді. Сондықтан,
батондарды арнайы таяқтарға іліп, таяқтарды рамаға орналастырады. Бір-
біріне жабысып, ақ дақтардың пайда болмауы үшін батондардың арасын
ашып іледі. Таяқтармен толлтырылған рамаларды шӛктіру камерасына
жібереді.
Шұжық өнiмдерiн термиялық өңдеу.
Шұжық ӛнімдері мен
қақтамаларды дайындауда оларды термиялық ӛңдеу – технологиялық
процесстердің аяқтаушы кезеңі боп табылады. Термиялық ӛңдеу – шұжық
ӛнімдерінің сыртқы ортаның әсеріне тұрақтылығын арттыру, қосымша
ӛңдеусіз тікелей тағамға қолдану және тауарлық түр беру үшін жүргізіледі.