Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
мұздай суда салқындатып, содан кейін салқындаған соң оларды полимерлі
қабатқа қаптап, қапталған күйде тоңазытқан жағдайда қолданады. Суда
салқындату кезінде құстың терісімен сіңеді және келесі тоңазыту кезінде
тушалардың беткі қабаты ашық түсті болады. Полимерлі қабатпен қапталған
тушаларды тоңазыту кезінде де түсі ашық түсті болады. Екі жағдайда да
қызыл немесе қызыл-қоңыр түсті тушаларды алмайды.
Суда жүзетін құсты күйдіру үшін бу-ауалы қоспаны қолданады, ол
қауырсындардың босаңсуын аз ғана тиімді етеді.
Құсты күйдіру кезінде мақсатты түрде жұмсақ суды қолданады немесе
судың беткі кернеуін тӛмендетеін және судың қауырсындардың қабатынан
ӛту үшін арнайы қондырғыларды орнатады. Сонымен қатар, құсты күйдіру
үшін қолданатын судың сапасы ауыз суға қойлатын талаптарға сәйкес болу
керек.
Кейбір жағдайларда, әсіресе қауырсынды жұлу үшін жетілмеген
машиналарды және кәрі құсты ӛңдеу кезінде, жұлудан кейін толлықтай
қауырсындардың алынуы қамтамасыз етілмейді: мойын айналасы мен
қанаттарында қауырсын кӛбінесе алынбайды. Сондықтан ӛңдеу желілерінде
кейде подшпарка аппараттары қолданылады. Оның мақсаты күйдірумен
бірдей. Подшпарка апараттарында судың деңгейі мойын мен қанаттардың
суға толық енуін қамтамасыз ету керек және ол тушаның кеудесіне жетпеуі
керек.
Құсты қайта ӛңдеу желілерінде подшпарка аппараттарын қолдану
әрқашан тиімді емес. Керісінше, құсты ӛңдеу желілерінде қауырсынды алу
машиналары күйдіру аппараттарына жақын орналастыру себебі тушаның
беткі қабатын салқындаудан қорғап, күйдіру әсерін азайтады. Подшпарка
кезінде мойын және қанат аймағында қауырсындар босаңсиды, бірақ
күйдіруден кейін температураның тӛмендеуі нәтижесінде тушаның басқа
бӛлігіндегі қауырсындар қатты болып калу мүмкін және күйдіру
аппаратынан қауырсынды алу машинасына дейінгі тасымалдау уақыты
созылуы мүмкін.
Ішек-қарынды ақтару операциясы кӛп жұмысшыларды қажет етеді. Бұл
операцияны жеңілдету үшін автоматтар қолданылады. Алайда құрылысы
бойынша күрделі болып келеді, мұқият реттеуді және үнемі қызмет кӛрсетуді
қажет етеді, ішек-қарынды ақтарудың барлық операцияларының сенімді
сапасы үнемі қамтамасыз етілмейді, әсіресе калибрленбеген құсты қайта
ӛңдеу кезінде.
Бройлер-балапандарын ақтару машиналарда ӛтсе, тауықтар, балапандар
қолмен ақтарылады. Ӛңдеуге 9000 г асатын бройлер-балапандар келіп түссе,
ақтаруды қолмен ӛткізу ұсынылады, себебі тушалар машинаныі жұмыс істеу
органдарымен езілу мүмкін. Тауықтарды механикалық ӛңдеу кезінде
жетілген жұмыртқалар езіліп, басқа мүшелерді ластайды.
Ішек-қарынды ақтару операциясы құстың құрсақ қуысының
тазалауымен аяқталады. В2-ФЦЛ желісінде ақтарудан кейін тушаларды