Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
Практикалық жұмыс № 3-4
Тақырыбы «Құсты сою мен ӛңдеудің технологиялық сызбасының
анализі»
Жұмыстың мақсаты
: тақырып бойынша теориялық материалды
бекіту; мүмкін техникалық қайта қарулану кезінде, технологиялық үрдісті
жақсарту үшін ұсыныстар беруді үйрену.
Құсты сою мен ӛңдеу цехы- құс комбинаттары мен құс фабрика
құрамында алда келуші, оған шикізат ретінде құрлықта және суда мекен
ететін құстар болып саналады, ал бӛлек жағдайларда қояндар да болады;
дайын ӛнімі –салқындатылған ет. Құсты сою және тушаны ӛңдеу үрдісі
кезінде субӛнімдер, қауырсын мамықты шикізат және басқа да тағамдық емес
ӛнімдер алынады.
Құсты сою және ӛңдеу ағынды жүйеленген механизмделген желілерде
ӛтеді. Желілер құстың бір түрін ӛңдеуге үшін арнайы және әмбебап бола
алады.
Ағынды желілер бӛлек операцияларды орындау үшін жабдықтармен
қамтамасыз етіледі; шикізатты аспалы жолмен тасымалдау үшін, себебі
тушаларды ӛңдеу тігінен орындалады; қолмен орындалатын операциялар
үшін әр түрлі биіктіктегі аудандар.
Цехтағы технологиялық үрдістің механизация деңгейі жеткілікті
жоғары болып келеді. Цехтың қуаттылығына және таңдалған құрал-
жабдықтарға байланысты қолмен орындалатын операциялар мынадай
болады: құстың конвейерлерге іліп түсіруі, қауырсын мен мамықтың
жұлынуы, ішек-қарынды ақтару, іріктеу, қаптау. Келтірілген
операциялардың кейбіреулерін алып тастауға болады. Мысалы, қайнаған
сумен күйдірудің қатал тәртіптерін заманға сай бильды автоматтармен
қолдану мамықты сапалы алуға мүмкіндік береді. Қайнаған сумен күйдірудің
қолданылатын тәртіптерінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар,
технологиялық сызбаны жасау кезінде кейбіреулерін ескеру керек.
Ӛндірістік жағдайда қайнаған сумен күйдірудің жұмсақ және қатал
режимдері қолданады, ол 4-кестеде келтірілген.
Кесте 4 − Құсты қайнаған сумен күйдірудің режимдері
Құстың түрі
Тәртіп кезіндегі судың температурасы,
о
С
Мерзімі, сек
жұмсақ
қатал
Тауықтар,
бройлер-
балапандары,
күркетауықтар
53-54
60
80-120
Үйректер
64
66
120-180
Үйрек балапандары
59-60
63
120-180
Қаздар
71
-
120-180
Қаздың балапандары
66
-
120-180