Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
массаны, бұлшық еті жақсы дамыған, май қабаттары құйрықтың басында
және жамбас аумағының ікі жағында жиналуын сипаттайды.
II категориялы бірінші тума сиыр тушаның массасы 165 кг аз болмау
керек, бұлшық еттері қанағаттанарлық; май жиналуы болмауы мүмкін.
I категориялы жас малдан алынған сиыр еті, 4 топқа бӛлінеді:
1-ші топ – іріктелген жас мал массасы 230 кг жоғары;
2-ші топ – жас мал туша 196-дан 230 кг дейін;
3-ші топ – жас мал туша массасы 163-тен 195 кг дейін;
4-ші топ – жас мал тушасы 168 кг аз емес.
Тӛрт топтың сиыр етінің тушаларында бұлшық еттер жақсы жетілген.
II категориялы жас сиыр етінің тушаларында бұлшық еттер
қанағаттанарлық жетілген.
Семіздігі бойынша кӛрсеткіштері бар, бірақ І және ІІ категория
талаптарына сай келмейтін сиыр етін арық деп санайды.
а) б) в)
Сурет 3 − Ірі қара малдың жарты тушасы:
а) 1 категориялы жас емес мал; б) 1 категориялы жас мал;
в) ІІ категориялы жас мал
Шошқаның семіздігін анықтау үшін терісіз кесілген жерден
шпиктің қалыңдығын ӛлшейді (3-сурет), жасын, массасын, дене формасын
ескереді. 2-кестеде шошқа етін семіздік категорияларын булы күйіндегі туша
массасына және 6-шы және 7-ші арқа омыртқасының арасындағы шпик
қалыңдығына қарай бӛлінген.