Стр. 150 - ДЛЯ ППС

Упрощенная HTML-версия

Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
Практикалық жұмыс № 1-2
Тақырыбы «Жұмыс істейтін кәсіпорындар мысалында ауылшаруашылық
малдарды сою және тушаларының біріншілік ӛңдеу технологиясының анализі»
Жұмыстың мақсаты
: тақырып бойынша теориялық материалды
бекіту; мүмкін техникалық қайта қарулану кезінде, технологиялық үрдісті
жақсарту үшін ұсыныстар беруді үйрену.
Малды сою және тушаны бӛлу цехы- ет май ӛнірісінде алда келуші,
оған шикізат ретінде ауылшаруашылық малдар болады: ірі қара мал, ұсақ
қара мал, шошқалар, кейбір аудандарда түйелер, жылқылар, ешкілер,
қояндар, буйволдар, бұғылар т.б. Сою алдында малдарды жасы, жынысы
және семіздігі бойынша топтарға бӛліп, сою алдындағы бӛлмелерге
орналастырады. Малдың семіздігін денесіндегі майды ұстап кӛру арқылы
білуге болады. Мысал ретінде 1 суретте ірі қара малдың дене бӛліктері
семіздігіне баға беру кезінде ұстап кӛру арқылы кӛрсетілген.
Сурет 2 − Тері асты майды арқылы анықтау үшін, ірі қара малдың
ұстап көре алатын дене бөліктері:
1 – құйымшақ төбесі; 2 – құйрықтың бастауы; 3 - сербек; 4 - қабырғалар;
5 - шоқтығы; 6 - жауырыны; 7 - әукесі; 8 - қуыс; 9 – ұма.
Мал және шошқалардың қайта ӛңделуі ағынды механизмді конвейерлі
желіде немесе ковейерсіз желілерде жүзеге асады, оны цехтың қуаттылығы
анықтайды. Желілер арнайы малдың бір түрін қайта ӛңдеу үшін арналған
немесе әмбебап болуы мүмкін.
Ағынды желілер бӛлек операцияларды орындау үшін жабдықтармен
қамтамасыз етіледі; шикізатты аспалы жолмен тасымалдау үшін, себебі
тушаларды ӛңдеу тігінен орындалады; қолмен орындалатын операциялар
үшін әр түрлі биіктіктегі аудандар.
Цехте келесі операциялар механизимделген: малды сою; тағамдық
мақсатта қанды жинау; теріні сыпыру; ішек-ӛарнын алу; шошқа тушаларын
қайнаған сумен күйдіріп, қылдан тазарту. Демек жалпы технологиялық
үрдістің механизациясының деңгейі тӛмен. Механизация деңгейі конвейерлі
желілерді қолдану арқасында жоғарылайды.