Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
Кіріспе
«Ет саласының жалпы технологиясы» пәнінің зертханалық практикумы
ет және ет ӛнімдері технологиясының бір бӛлімдерінің теориялық
материалдарын толық меңгеру үшін, ол «Ауыл шаруашылық мал мен құсты
сою және біріншілік ӛңдеу» деп аталады және әлі де жұмыс істейтін Сібір
аудандарының кәсіпорындарында қолданылатын технологиялық сызбаларды
талқылау үшін арналған.
Зертханалық жұмысты орындау үшін негізгі материалдар ретінде
малды сою және сойылған ӛнімдерді біріншілік ӛңдейтін цехтардың
жоспарлары, жұмыс істейтін кәсіпорындарға аппараттық әзірленген
технологиялық сызбалар, кӛбінесе аудандық кәсіпорындарының соятын
цехтерінің Анжерлік, Зариндік, Омсктық ет комбинаттары, соятын пункттер
Промышленновский және Топкинский. Қолданылатын материалдарды
студенттер ӛндірістік тәжірибеден ӛту кезінде іріктелініп алынады. Олардан
техникалық құжаттар фонды құралады, ол әрдайым толықтырылып тұрады.
Біріншілік ӛңдеудің технологиялары қуаттылығы және типі әр түрлі
кәсіпорындарда орындалу мүмкін, оның ішінде негізгілері болып мыналар
саналады:
- құрамында үш негізгі ӛндірісті біріктіретін: май ет корпусы-
тоңазытқыш- шұжық ӛндірісі, ет комбинаттары;
- екі ӛндірісі бар: май ет корпусы және тоңазытқыш, салқын
сойылымдар.
Малды сою және тушаны біріншілік ӛңдеу май ет корпусында жүзеге
асады, оның құрамында 6 цех кӛрсетіледі:
малды сою және тушаны бөлу;
субөнімдік; май шикізатын қайта өңдеу (майлы цех); ішек-қарындық; тері
консервілеу; техникалық фабрикаттар цехы.
Малды және тушадан бӛлінген ӛнімдерді қайта ӛңдеудің
технологиялық үрдісі типтік салалық технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес
орындалады, ол жерде операциялардың тізімі, олрды орындау тәртібі,
ұсынылатын жабдықтар кӛрсетілген. Бұл мәліметтердің жинағы векторлық
немесе аппараттық әзірленген түрде технологиялық сызбаны кӛрсетеді.
Шикізаттың бір түрін ӛңдеу үшін технологиялық сызбаның бірнеше
нұсқасы болуы мүмкін, арасындағы айыпмашылықтар келесідей:
-
шикізатты өңдеудің (қайта өңдеудің) әр түрлі тәсілдерін қолдану,
мысалы: техникалық шикізаттың құрғақ жем жасау үшін құрғақ немесе сулы
тәсілді қодану немесе ішек-қарынды толығымен немесе жартылай құсты
ӛңдеу тәсілі;
-
әр түрлі технологиялық жабдықтарды қолдану
бір немесе бірнеше
негізгі технологиялық операцияларды орындау үшін, мысалы: техникалық
шикізатты ӛңдеуде сулы тәсілді қолдану арқылы автоклавты немесе АВЖ
машинасын қолдану немесе құстың тушасынан қауырсындарды алып тастау
үшін ортадан тепкіш тазалағышты немесе дисктік аппаратты қолдану;
Сызбада жаңа заманға сай жабдықты мына мақсатта қолдану керек: