Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР.
Алғы сӛз
Жалпы технологиялық сала бойынша практикумның негізгі мақсаты
қолданыстағы технологиялық сызбаларға баға беру, қажет құрал-
жабдықтардың болуы, санитарлы-гигиеналық талаптарды ұстау, ет
ресурстарын үнемдеу, қортындылар мен ұсыныстарды жасау және де
материалды есептеулерді орындау.
Практикалық жұмыс 8 жұмыстан тұрады, олар шикізаттың бір түрінің
технологиялық ӛңделуімен (қайта ӛңделуімен) байланысты.
Практикалық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру.
Әр жұмыстың
болжамы:
- рұқсат алу;
- ӛзіндік тапсырмаларды орындау;
- зертханалық жұмыстың хаттамасын әзірлеу;
- зертханалық жұмысты қорғау.
Рұқсатты алу үшін
Практикалық жұмысқа рұқсат етілетін
оқытушының сұрақтарына жауап беру керек. Сонымен қатар, әр студентте
қажетті оқу әдебиеті болу керек, дәлірек айтқанда дәріс конспектілері,
тізімдегі негізгі және қосымша ұсынылған оқулықтар және де практикалық
жұмыстың графикалық бӛлімін оырндау үшін қажет құралдар (қалам,
сызғыш).
Өзіндік тапсырманы орындау.
Рұқсатты алған соң студентке ӛзіндік
тапсырма беріледі, онда ет ӛнімдерінің және типтік түрлердің қолданылатын
ӛңдеудің технологиялық сызбасы кӛрсетіледі.
Студент қолданылатын сызбаны талқылау керек, типтікпен
салыстырып, кемшіліктерін және технологиялық құралдардың сәйкес
еместігін және заманға сай технологиялардың ұстанбагандығын кӛрсетіп,
ӛзінің ұсыныстарын айту керек.
Типтік сызбада кәсіпорынның қуаты кӛрсетілген, соның негізінде
студент материалды есепті орындайды.
Жұмысты орындау үшін негізгі материалдарға типтік технологиялық
нұсқаулар жатады және сала бойынша технологиялық құрал-жабдықтардың
каталогтары, оларды лаборант береді.
Практикалық
жұмыстардың хаттамасын әзірлеу.
Бӛлек парақтарда
мәтіндік құжаттардың ережелерін сақтай отырып орындалады және тӛменде
кӛрсетілген бӛлімдерді қосады.
Практикалық
жұмыс
оқытушыға келесі сабақтарда қорғалады.
Жұмысты әзірлеу.
Практикалық жұмыстың хаттамасы мыналардан
құралу керек:
- жұмыстың аталуы;
- жұмыстың мақсаты;
- ӛзіндік тапсырмаға сәйкес технологиялық сызба;