Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
аяқталғанша жуушы суда желімді елжірете қайнатады. Сорпаны булы
қыздырумен қазандарда қайнатады. Қазандар эмальдан, алюминийден немесе
тот баспайтын болаттан (қолӛнер желім қайнатушы цехтарда ағаш күбілерді
пайдаланады) жасалуы тиіс. Торсылдақтарды қайнату кезінде температура
шамамен 55°С болуы тиіс, 4 сағаттан кейін сорпаның бірінші фракциясын
тӛгеді. Келесі фракцияларды 70-80° С қыздырғаннан кейін тӛгеді.
Қабыршақты осындай жолмен қайнатады, бірақ бірінші фракцияның қайнату
температурасы 70-80° С. Қайнатқаннан кейін ақуызы бар қалдықты
жемшӛптік мақсатта қолданады. Қазіргі уақытта алынған сорпаны тек
вакуум-буландырушы аппараттарда 90° С жоғары емес температурада
булайды. Сұйық желімді ӛндіруде 35 — 45% тығыз заттары бар буланған
сорпаны бӛшкеге құйып, антисептиктер (қымыздық қышқылы, бура, тор
қышқылы, фенол, метил спирті) қосады.
Салқындату кезінде сұйық желім галерта
деп аталатын ұйымаға ұқсас
масса түзеді. Қатты техникалық желім алу үшін галертаны жолақ немесе
кесектер түрінде кептіргіштерде кептіреді; кептіру кезінде бүріккіш
кептіргіште желімді ұнтақ түрінде алады.