Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
Інжулі пат алу процессіндегі негізгі операция – қабыршақтан гуанинді
бӛліп алу, оны келесі амалдармен орындайды.
Бірінші амал - гуанинді қабыршақтан оны ішінде айналатын
араластырғыштары бар кӛлденең барабандарда ӛңдеу арқылы алады.
Сұйықтық ретінде бұл жерде таза суды немесе органикалық немесе
минералды сабын қосылған суды пайдаланады. Суда алынған суспензияны
шикізат гуанинді ластанған бӛтен ақуыздардан бӛліп алу үшін
центрифугадан ӛткізеді. Ақуызды алып тастау үшін шикізат гуанинді
ферменттейді, бұл дегеніміз ақуызды қайта қорыту үшін пепсинмен ӛңдейді.
Ферменттеу 40-50 сағат жүреді. Содан кейін гуанинді сумен жуады, сығады
және әдетте, бензинмен майсыздандырады, содан кейін тағы бір рет
центрифугадан ӛткізеді. Алынған гуанинді лакпен араластырады, шыны
ыдысқа құйып, аузын нығыздап жабады.
Екінші амал біріншісінен судың немесе сабыны бар судың орнына
керосинді қолданумен ерекшеленеді. Бірақ бұл амалмен сапасы нашар
гуанин алынады, себебі ферменттеу процессі кезінде керосин ақуыздардың
толық гидролиздеуіне (қайта қорытылуына) тӛтеп береді.
Үшінші амалмен адепин қышқылы қолданылады, оған су мен спиртті
қосып қабыршақты ӛңдеу үшін қолданады. Алынған гуанин суспензиясын
алдымен 104-208, содан кейін 624-832 рад/с жылдамдықпен центрифудан
ӛткізеді. Бӛлінген гуанин пастасын белгілі бір ӛлшемде нитролакпен немесе
басқа еріткіштермен араластырып, інжу патын алады.
Балық қабыршағынан гуанинді шешіп алудың келесі амалы ұсынылған.
Бастапшы шикізатты 80-90°С температурада қысқа уақыт (3-8 сағат) ыстық
ауамен немесе бумен қыздырады. Гуанинді қабыршақтан оны керосинмен
торлы барабанда араластыру жолымен шешіп алады. Ӛңдеудің мұндай
амалында гуанин қабыршақтан толығымен шешіліп алынады.
Лас гуаниндіақуызды және басқа қоспалардан тығыздығы 1,2—1,25
г/см
3
(дихлорэтан мен трихлорэтан) ауыр органикалық еріткіштермен
центрифугадан ӛткізу арқылы тазалайды. Мұндай ӛңдеу гуанинді ақуызды
және басқа ластағыштар мен майдан (тазалаудан кейін ақуызды және басқа
ластағыштар 2-3 % артық емес) тазалауды қамтамасыз етеді. Осы гуаниннен
дайындалған інжу патының сапасы жоғары. Інжу паты ӛңделетін қабыршақ
салмағынан 6-9 % құрайды, ал бұл ӛндірістің басқа үлгілері бойынша
ӛңдеуден 2-2,5 есе артық. Процесс ұзақтығы – 3-4 сағат.
Балық ӛнеркәсібі тиісті жылулық ӛңдеуде желімнің басты құрамдас
бӛлігі болып табылатын –глютинге ауысатын коллагені бар балық
торсылдағы, қабыршақ, терісі, сүйегі мен жүзбеқанаттары түрінде желім мен
інжу патын ӛндіру үшін шикізат береді.
Кӛзі ірі аумен ауланатын балықтар торсылдақтары
арнайы алдын ала
ӛңдеуден ӛтеді, глютин мӛлшері кӛп бекіре торсылдақтарын кептірілген
күйінде тағамдық желім ретінде тікелей қолданады.
Балық желімінің жабысқақтығы жоғары, оның желімдеу қабылеттілігі
кәдімгі ағаш желімдейтін желімге қарағанда 1,5-2,0 есе жоғары. Желім