Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
Сорпа бетінің қатты ластанған бӛлігін диффузордан аударып, 85-90
0
С
температурада тұндырғыштарда тұндырады. Қатты қайнаған анфельция
диффузордан астыңғы аузынан алынады.
Тұндырғыштардан сорпаның беті ауық-ауық жуылып тұратын сүзгіш
массаның бопылдақ қыртысы арқылы сүзу үшін сүзгіпресстерге беріледі.
Мӛлдір күңгірт қоңыр түсті сүзілген сорпа бетін алдын ала 50
0
С салққындату
үшін сулы қағанақ мен араластырғышы бар реакторға жібереді.
Реактордан алынған салқындатылған сорпа бетін үздіксіз әрекет ететін
ұйыма пайда болғанша желелеуші аппаратқа береді.
Аппараттан ұйыма жуандығы 5-6 мм пластина түрінде шығады.
Ұйыманы ағын суда тазалап, түссіздендіреді. Ұйыма салмағы мен су
салмағының арақатынасы 1:2 немесе 1:3 тең болуы керек. Судағы ұйыма
пластиналарын қарқынды араластыру сығылған ауамен барботтау арқылы
іске асырылады.
Түссіздендірілген агар ұйымасының пластиналары сумен бірге арнайы
сыйымдылыққа беріледі, ол жерден сығылған ауамен капрон елек арқылы
ылғалды шығару үшін сүзіп тазартушы бактарға айдалады.
Сусыздандырылған ұйыма реакторларға балқыту үшін айдалады.
Ұйымадан алынған агар ерітіндісін вакуум-буландырушы аппаратқа агардың
концентрациясын 3-4% дейін арттыру үшін жіберіледі. Агардың
концентрацияланған ерітіндісі бүріккіш кептіргіштің қысымды бакқа қысып
толтырады. Кептіргіште ерітінді жиілігі минутына 8000 айналым жасайтын
дискімен тұман тәріздес күйге жеткенше бүркіледі және ыстық ауамен
кептіріледі. Кептірілген ұнтақ тәрізді агар хлорвинилді қаптар мен крафт-
ыдыстарға салынып, қапталады.
Агарды алу үшін шикізат кӛздері қызыл балдырлар түрлері –
гелидийлі, грацилярий, эухеум мен қиыршығыстық және ақтеңіздік
анфельция болып табылады. балдырдағы агар-агар мӛлшері оның түріне, ӛсу
аймағына, жинау маусымына және жасына байланеысты. Агар-агарды
жылулық әдіспен келесі технологиялық үлгімен алынады:
анфельцияны
дайындау > қайнату > балдырлы сорпа бетін тазалау > желелеу > ұйыманы
кесу > ұйыманы тазалау > кептіру> сақтау.
Таза балдырларды олардан агарды алуды жеңілдету және алынатын
сорпа бетінің түсін әлсіздендіру үшін 0,2-0,5% әктасты сүтте жібітеді. Агар-
агарды балдырлардан оларды кальций тотығының қайнап тұрған
ерітіндісінде (рН ортасы 8 кем емес) қайнату арқылы алады. Шикізат
қасиеттеріне, қайнату машиналарының құрылымына қарай қайталап қайнату
саны мен ұзақтығын, кальций тотығының мӛлшері мен концентрациясын,
температурасын белгілейді. Қайнатудан кейін алынған балдырлы сорпа бетін
механикалық ластаулардан 80-85°С температурада 4-5 сағат ұстап тазалайды,
содан кейін ыстық күйінде сепараторларда немесе центрифугаларда тазалап,
одан әрі қарай арнайы аппараттарда ұйыма пайда болғанша салқындатады.