Стр. 138 - ДЛЯ ППС

Упрощенная HTML-версия

Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
Жиналған паста тәріздес спирулина биомассасы тағы бір маңызды
технология процесс – кептіруден ӛтуі қажет. Спирулинаны оның пайдалы
қасиеттерін толық сақтауды қамтамасыз ететін температурада кептіреді.
Балдырлардан дайындалған консервілер.
Балдырлардан дайындалатын
консервілерді теңіз орамжапырағы (қоңыр ламинария балдыры) мен кӛкеніс,
күрі, кальмар етінен дайындайды.
Консервілерді дайындау үшін балдырларды құмнан, әктас түзілулеріне
және басқа механикалық қоспалардан тазартады. Оларды ағын суда 3-4 сағат
жібітеді. Жуғаннан кейін теңіз орамжапырағын ені 3-4 жолақтап кеседі,
ыстық суда 10-15 минут қайнатады және содан кейін ӛсімдік майында 140-
160
о
С температурада 3-5 минут қуырады. Қуырылыған орамжапырақты
суытады, қуырылған кӛкеністермен араластырып, банкаларға салады, ыстық
қызанақ тұздығын құяды. Консервілерді 11-115
о
С температурада
стерильдейді, содан кейін тез суытады.
Агар шығару технологиясы.
Агар – өсімдік текті желелі субстрат.
Оны қиыр шығыс теңіздерінің (Жапон және Қытай) жағалауында, сондай-ақ
Үнді мұхиты мен кейбір басқа солтүстік теңіздерде ӛсетін теңіз
балдырларынан алады. Агардың 90 пайызы кӛмірсудан, негізінен
полисахаридтерден, бірінші кезекте гексозанг-галактан - С
6
Н
10
О
5
и
пентозандардан - С
5
Н
8
О
4
, тұрады, ал ақуыздар 3 пайызды құрайды. ресейде
агарды Ақ теңіздің қызыл балдырларынан алады.
Жылу әдісімен Қиыр Шығыс анфельциясынан
агарды ӛндіру желісі
жағалық кәсіпорындарда орналастырады. Қиыр Шығыс анфельциясын
жылумен ӛңдегенде құрғақ агарды балдырларды қысыммен қайнату және
агар ерітінділерді кептіру арқылы алады.
Қайта ӛңдеуге түсетін шикізат – құрғақ анфельцияны механикалық
қоспалар: құмн, ұлу қабыршақтарынан және әктас түзілістерінен мұқият
тазалайды.
Содан кейін анфельцияны қатты боялған пигментті жасушаларды бұзу
үшін кальций тотығы гидратының сулы жүзгінінде бетон күбілерде 18-20
сағат жібітеді. Анфельциялар салынған себеттерді күбілерге салу, шығару
мен одан әрі қарай ӛңдеуге (жууға) беруді тельфердің кӛмегімен жүргізеді.
Анфельцияны қарқынды араластыра және бӛтен қоспалар мен
түйіршіктерді алып тастау үшін кӛп су құя отырып үздіксіз жұмыс істейтін
жуу машинасында жуады. Машинадан шыққан балдырларды резеңке
білікшелермен сығады.
Балдырды ӛңдеудің негізгі процессі – қайнатуды тоққа қарсы әдіспен
үш диффузордан тұратын батареяда жүргізеді. Анфельцияның әрбір
порциясын бес рет қайнатады. 3 сағат қайнатқаннан кейін сорпаның беті
бірінші аппараттан аз қайнатылған, яғни агары кӛбірек балдыры бар екінші
аппаратқа беріледі. Ыстық су алдыңғы тӛрт қайнатудың нәтижесінде агары
аз, анфельциясы қатты қайнаған анфельциясы бар тек бесінші қайнатқанда
ғана беріледі. 220 Па қысымда 24 сағат қайнатылады. Алынған сорпаның
бетінің түсі күңгірт қоңыр, механикалық қоспалдардың жүзгінінен лайлы.