Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
Литотамния.
Қызыл коралл балдыры бай минералдық құраммен
ерекшеленеді (онда 30 астам минералды заттар бар), магний мен әсіресе
темірдің мӛлшері ӛте жоғары. Ағзаның профилактикасы мен сауықтыру үшін
балдырлардың тәуліктік мӛлшері балғын күйінде, жаңадан тоңазытылған
күйінде немесе құрғақ просстелген ӛнім (асака, вакаме, нори мен басқалар)
түрінде 20 грамды құрайды.
Балдырларды алу.
Балдырларды механикаландырылған түрде жүзу
құралдарынан немесе таяз суда қолмен жинайды.
80 – 85% дейін ылғал бар судан алынған балдырларға температураның
кӛтерілуі мен балдыр қабатының жуандығы артқанда күшейетін тіндер
ферменттері мен микроағзалар әсер етеді. Теңіз орамжапырағы судан
алынғаннан кейін қою мӛлдір шырышпен қапталады және онда микроағзалар
белсенді кӛбейеді. Нәтижесінде шырыш лайланып, сұйықталады, қабат беті
жұмсарып, біртіндеп жағымсыз иісі бар аморфты массаға айналады.
Балдырларды бұзылудан күнге 18-20% ылғал қалғанша кептіру арқылы
сақтайды, жасанды немесе аралас кептіруді қолданады. Балдырларды масса
қыртысында температурасы -18
о
С дейін тоңазытуға, құрғақ тұқбен тұздауға
рұқсат етіледі.
Ламинариядан полисахаридтерді алу.
Laminaria saccharina L. теңіз
орамжапырағынан полисахаридтерді алу тәсілі: майдалау, теңіз
орамжапырағының қыртыстарын жуу, ұстау тәсілімен 80
o
C температурада
ыстық сумен немесе тоққа қарсы перколяциялаумен экстракциялау,
экстрактты шикізаттан бӛліп алу, экстрактты 1: 0,8-1: 1,2 арақатынаста
қайнату, ыстық экстрактқа этанол 1: 1 арақатынаста 96%-дық этил спиртін
қосу. Содан кейін пайда болған қоспаны тұндырады, жүзгіннің тӛменгі
қабатын бӛліп алады, центрифугадан ӛткізіп, аналық ерітіндіні бӛліп
алғаннан кейін тұнбаны 96% этил спиртімен жуады.
Жуылған тұнбаны кептіреді, ұнтақтайды. Жүктелген шикізаттан
шыққан дайын ӛнім 5,6% құрайды.
Алынған полисахаридтер кешені ішті ӛткізетін әрекет етеді және
«Ламинарид» деген дәрілік препарат ретінде белгілі.
Спирулина биомассасын алу.
Спирулинаны ашық және жабық
фотокультиваторларда ӛсіреді. Спирулинаны теңіз бен мұхиттар
жағалауындағы үлкен фермаларда ӛсіру бойынша жобалар бар және онда
плантацияларға қызмет кӛрсету үшін энергия кӛзі ретінде әр түрлі
жаңартылмалы энергия кӛздері (күн тоғандары, күн коллекторлары мен
басқалары) қолданылады.
Соңғы жылдары, мысалы, теңіз суына бейімделген спирулинаны
интразональді биомах литоральдарда – теңіздер мен мұхитаттардың судың
кӛтерілетін және қайтатын бӛліктерінде қалыптасатын мангр ормандарында
ӛсіру ұсынылған.
Спирулинаны тамақ ретінде ӛсіру үшін ауыл-шаруашылық дақылдарын
ӛсіруде қолданылатын минералды тыңайтқыштар қолданылады.