Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
Теңіз балдырларының құнарлылығы тӛмен болғандықтан (орташа 100
грамға 7-15 ккал), оларды құнды диеталық ӛнім деп ауыз толтырып айтуға
болады.
Теңіз балдырларының пайдасы
Теңізде ӛсетін балдырлардың пайдалы қасиеттерін шексіз айта беруге
болады, себебі олардың химиялық құрамы ӛте бай.
Қатерлі ісікке қарсы қасиеттерін бұл ӛнім ӛзінің құрамында
альгинаттардың болуының арқасында алған. Альгинаттар ағзадан
радионуклидтерді байланыстырып, ағзадан шығарады, сонымен бірге ауыр
металдар тұздары мен т.б.
Ал альгин қышқылының тұздары радиоқорғаушылар, сәулеленідің
зиянды әсеріне қорғаушы болып табылады. аталып кӛрсетілген себептермен
теңіз орамжапырағы (ламинария) – қатерлі ісік пен лейкемияға қарсы
керемет профилактикалық құрал.
Теңіз балдырларының мутацияға қарсы белсенділігін лютеин,
хлорофилл мен р-каротин сияқты ӛсімдік пигменттерімен түсіндіруге
болады. Осы пигменттердің әрекет етуінің механизмдеріне кӛптеген әйгілі
ғалымдар еңбек етуде.
Антиоксидантты қасиеттер қартаю процесстерін баяулататын
дәрумендер кешенін қамтамасыз етеді.
Теңіз ӛсімдік әлеміне қабынуға қарсы және бактерияға қарсы
қасиеттерді иммунтүзеткіштер деген ортақ атаумен белгілі биологиялық
белсенді компоненттер тарту етті. Олар Т-лимфоциттер мен макрофагтар
белсенділігіне әсер етеді, А-иммунглобулиндердің синтезіне қатысады. Ал
ағзадағы соңғыларының тапшылығын ғалымдар тыныс алу жолдарының
және шырышты қабаттардағы бұзылулармен бірге несеп-жыныс жүйесінің
созылмалы ауруларының негізгі себебі деп атайды.
Протагландиндер синтезін ағзада жартысы бӛлініп шықпайтын теңіз
балдырларының полиқанықпаған май қышқылдары қамтамасыз етеді.
Протагландиндер – жатыр мен ішектің тегіс бұдшықеттеріне
ынталандырушы әрекет ету әсері бар барлық тіндерде табылған (мысалы қан
тамырларының қабырғаларында) гормонға ұқсас зат. Осыдан қан
қысымының реттелуі, ұрықтану мен бала тууда кӛмек. Кейбір
простагландиндер
акушерлік
тәжірибеде
толғақты
реттеу
үшін
пайдаланылуы кездейсоқ емес.
Жүрек-қантамыры аурулары, семіздік пен диабет профилактикасы
қоңыр теңіз балдырларын қабылдаумен бірге ғылыммен раталған
гиполипидемиялық қасиеттерімен бірге омега-3 майлы қышқылдарының
жоғары концентрациясының арқасында мүмкін болып отыр.
Жеуге жарамды балдырлар түрлері.
Ғылымға балдырлардың 1000
астам түрлері белгілі, олардың арасынан барлығы тағамға қолданыла
бермейді. Және бұл жерде мәселе олардың улылығында ғана емес. Тек тұщы
суда ӛсетін балдырлармен ғана улануға болады. Дегенмен тек кейбір теңіз
балдырлары адамның тағамына кіреді.