Стр. 112 - ДЛЯ ППС

Упрощенная HTML-версия

Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
Ӛсімдікті-балықты консервілер – құрамындағы ӛсімдің шикізатының
үлесі нетто салмақтан 50 % кем емес кӛкеніс, жарма, макарон ӛнімдері мен
балықтан дайындалған консервілер.
Теңіз орамжапырағынан дайындалған консервілер – балық немесе теңіз
ӛнімдері, ӛсімдік қоспалары, қызанақ тұздығы немесе ӛсімдік майы қосылған
немесе қосылмаған теңіз орамжапырағынан дайындалған консервілер.
Арнайы тұздықтағы балықтан дайындалған
пресервілер
– тұз, қант,
консерванттар қосылған балықтан дайындалған пресервілер.
Татымды тұздалған балықтан дайындалған пресервілер – ұсақталған
дәмдеуіштер, қант, консервант қосылған балықтан дайындалған пресервілер.
Майдағы балықтан дайындалған пресервілер – ӛсімдік майы құйылған
балықтан дайындалған пресервілер.
Балықтан дайындалған аз тұздалған пресервілер – құрамындағы ас
тұзының массалық үлесі 6% аспайтын балықтан дайындалған пресервілер.
Дәмдеуіштері бар балықтан дайындалған пресервілер – дәмдеуіштің бір
түрі қосылған балықтан дайындалған пресервілер.
Ӛсімдік қоспалары қосылған балықтан дайындалған пресервілер –
ӛсімдік қоспасының бір түрі қосылған балықтан дайындалған пресервілер.
Балықтан (теңіз ӛнімінен) дайындалған паста пресервілер – ұсақ
майдаланған масса түріндегі балықтан (теңіз ӛнімінен) дайындалған
пресервілер.
Балық пен теңіз ӛнімдерінен дайындалған консервілер сұрыпталымы
аталымы мен шикізатты ӛңдеу сипаты жағынан әр түрлі.
Балық консервілерін екі топқа бӛлуге болады: стерильденген және
стерильденбеген пресервілер.
Стерильденген пресервілерді екі негізгі топқа бӛледі – табиғи және
тіскебасар түріндегі.
Табиғи балық консервілерін дайындау кезінде шикізаттың бастапқы
ерекшеліктерін толығымен сақтайды. Оларға ӛз шырынындағы, ӛсімдік майы
қосылған, желедегі және сорпадағы консервілер жатады.
Тіскебасар түріндегі консервілерді тіскебасар және екінші тағамдарды
дайындау үшін қолданады. Оларға қызанақ тұздығы мен майдағы
консервілер, паштеттер, пасталар, котлеттер мен фрикаделькалар, балық-
ӛсімдікті консервілер жатады.
Консервілер технологиясы.
Қызанақ тұздығындағы консервілер өндірісі.
Қызанақ тұздығындағы
консервілерді дайындау үшін балықтың барлық түрлерінен жаңадан
әкелінген, салқындатылған және тоңазытылған, мүшеленген немесе
мүшеленбеген, 1 сұрып талаптарына жауап беретін балықты пайдаланады.
Тоңазытылған балықты алдын ала ерітіп алады. Ірі балықты кесек еттерге
мүшелейді (қабыршағын, жүзбеқанаттарын, басын алып тастайды, ішек
қуысын тазалайды). Ӛте ірі балықты омыртқасы мен ірі қабырғаларын ала