Стр. 111 - ДЛЯ ППС

Упрощенная HTML-версия

Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
Желедегі балықтан дайындалған консервілер – алдын ала жылумен
ӛңделген, майда ұстаудың массалық үлесі нормативтік құжаттармен
белгіленген нормадан артпайтын ӛсімдік майы құйылған балықтан
дайындалған консервілер.
Қызанақ шырынындағы балық консервілері – құрамындағы құрғақ
заттардың массалық үлесі нормативтік құжаттармен белгіленген нормадан
тӛмен емес қызанақ шырыны құйылған балықтан дайындалған консервілер.
Сорпадағы балық консервілері – ӛсімдік қоспалар және (немесе)
дәмдеуіштер қосылып, үстінен сорпа құйылған балық консервілері.
Маринадтағы балық консервілері – кӛкеністер мен (немесе)
дәмдеуіштер қосылған, үстінен маринад құйылған қуырылған балықтан
дайындалған консервілер.
Балық (теңіз ӛнімдері) жентегінен дайындалған консервілер – ӛсімдік
қспалары қосылған біртекті майдаланған масса түріндегі балық (теңіз
ӛнімдері) консервілері.
Балық (теңіз ӛнімдері) пудингісінен дайындалған консервілер – ӛсімдік
майы, ұн немесе крахмал, сиыр сүті қосылған немесе қосылмаған біртекті,
ұсақталып майдаланған араластырылған масса түріндегі балықтан (теңіз
ӛнімдері) дайындалған консервілер.
Балық (теңіз ӛнімдері) паштеттерінен дайындалған консервілер –
ӛсімдік қоспалары мен біртекті, ұсақталып майдаланған масса түріндегі
балықтан (теңіз ӛнімдері) дайындалған консервілер.
Балық (теңіз ӛнімдері) суфлесінен дайындалған консервілер –
эмульгаторлар қосылған біртекті, ұсақталып майдаланған араластырылған
масса түріндегі балықтан (теңіз ӛнімдері) дайындалған консервілер. Балық
бауырынан (шоғалы, уылдырығы) дайындалған суфле консервілер – бауыр,
уылдырық, шоғал түріндегі балықты мүшелеуден қалған қалдықтардан
дайындалған, ӛсімдік қоспалары, теңіз орамжапырағы, дәмдеуіштер
қосылған немесе қосылмаған, қызанақ шырыны, маринад, май құйылған
немесе құйылмаған консервілер.
Ӛсімдік гарнирлері бар балықтан (теңіз ӛнімдерінен) дайындалған
консервілер – кӛкеніс, бұршақ пен жармадан дайындалған гарнирді қоса
балықтан (теңіз ӛнімдерінен) дайындалған консервілер.
Балық-ӛсімдікті консервілер – құрамындағы балық шикізатының
немесе теңіз ӛнімінің үлесі нетто салмақтан 50 % кем емес балықтан (теңіз
ӛнімдерінен) және ӛсімдік қоспалары қосылып дайындалған консервілер.
Майдағы балық-ӛсімдікті консервілер – ӛсімдік майы құйылған балық-
ӛсімдікті консервілер. Қызанақ тұздығындағы балық-ӛсімдікті консервілер –
құрамындағы құрғақ заттардың массалық үлесі нормативтік құжаттармен
белгіленген нормадан тӛмен емес қызанақ тұздығы құйылған балықтан
дайындалған балық-ӛсімдікті консервілер. Сорпадағы (тұздық, маринад,
тұздық) балық-ӛсімдікті консервілер.