Стр. 95 - ДЛЯ ППС

Упрощенная HTML-версия

95
Жоспар
1.
Комплексті қосылыстардың құрылысы
2.
Комплексті қосылыстардың номенклатурасы мен
жіктелуі
3.
Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыстың
табиғаты
4.
Комплексті қосылыстардың электролиттік
диссоциациясы
5.
Комплексті қосылыстардың қасиеттері және олардың
алынуы
5.1 Комплексті қосылыстардың құрылысы
Комплексті қосылыстар өзіне тән ерекшелігіне байланысты
өндірістің сан алуан салаларында кең қолданыс табатын
химиялық қосылыстардың ауқымды саласы болып табылады.
Мысалы, аналитикалық тәжірибеде комплекс түзілу ион-
дарды сапалық талдауда қолданылады (боялған қосылыстар
түзілуі есебінен), металлургияда металдардың бөлінуі және
металдарды бөлу, т.б. үшін қолданылады. Олар табиғатта
кеңінен таралған.
Тағам өндірісінде қолданылатын көптеген ферменттер,
сонымен қатар биологиялық жүйелер комплексті қосылыстар
(гемоглобин – темірдің комплексті қосылысы, В
12
дәрумені –
кобальттың комплексті қосылысы) болып табылады.
Комплексті қосылыстар
кристалл торларының қиы-
лысында күрделі бөлшектер орналасқан, электр бейтарап
немесе қарама-қарсы зарядталған иондардың бір атомымен
(немесе ионымен) координациялануы есебінен құрылған, заттың
балқыған немесе еріген күйге ауысуы кезінде дербес күйінде
болатын заттар.
Мысалы:
Na
2
Zn(OH)
4
]
2Na
+
+
Zn(OH)
4
]
2