446
10. Аррениустың электролиттік диссоциациясы теориясы
қолданылады:
А) Сұйытылған әлсіз электролит ерітінділері үшін
Б) Сұйытылған күшті электролит ерітінділері үшін
В) Концентрлі әлсіз электролит ерітінділері үшін
Г) Концентрлі күшті электролит ерітінділері үшін
Д) Концентрлі орташа күшті электролит ерітінділері үшін
Әдебиеттер
1.
Бірімжанов Б.А
. Жалпы химия. – Алматы: ҚР ЖООҚ, 2011.
2
. Құлажанов Қ.С., Сүлейменова М.Ш., Иманбеков Қ.И.
Бейорганикалық химия. – Алматы: ҚР ЖООҚ, 2011.
Негізгі түсініктер
:
судың иондық көбейтіндісі; ортаның
сутектік көрсеткіші (рН); қышқыл, сілтілі және бейтарап орта;
индикаторлар; тұздар гидролизі және бинарлы қосылыстар;
гидролиздену константасы және дәрежесі; ион-дипольді
әрекеттесу (ИДӘ); толық және толық емес тұздар гидролизі.
Білуге тиіс:
1)
Судың электролиттік диссоциациясын; судың иондық
көбейтіндісін, сутектік көрсеткішін және ортаның сипаттамасын
(рН); қышқылдық-негіздік индикаторлар туралы түсініктерді.
2)
Тұздардың гидролизін, оның маңызын; анион және
катион бойынша гидролизін; ион-дипольді әрекеттесу гидролиз
жүруінің шамасы ретінде.
3)
Тұздар гидролизінің константасына және дәрежесіне әсер
ететін факторларды.
4)
Гидролиз үдерісінің қайтымдылығын: толық және толық
емес гидролиздену жағдайларын.
5)
Орташа тұздардың судағы ерітінділерінің өзара әрекет-
тесу реакциялары: гидролизді өзара күшейту және алмасу
реакцияларын.