Стр. 389 - ДЛЯ ППС

Упрощенная HTML-версия

389
Әдебиеттер
1.
Бірімжанов Б.А
. Жалпы химия. – Алматы: ҚР ЖООҚ, 2011.
2.
Құлажанов Қ.С., Сүлейменова М.Ш., Иманбеков Қ.И.
Бейорганикалық химия. – Алматы: ҚР ЖООҚ, 2011.
2-тақырып.
Атом құрылысы. ХЭПЖ
Негізгі түсініктер
:
атомның ядролық моделі, протондар,
нейтрондар, электрондар, изотоптар, изобаралар; кванттық
сандар; корпускулалы – толқындық дуализм; анықталмағандық
қағидасы; толқындық функция; атомдық орбиталь; ықти-
малдылық және тығыздық ықтималдылығы: атомдардың элек-
трондық құрылымы; Паули принципі, Хунд және Клечковский
ережесі; ядроның тиімді заряды; атомның қалыпты және қозған
күйі; периодтық заң; периодтық жүйенің құрылымы: периодтар,
топтар, топшалар; иондану энергиясы; электронға ынтықтылық;
электртерістілік; атомдар және иондардың радиустары.
Білуге тиіс
:
1)
Атом, протон, нейтрон, электрон, изотоп, изобара туралы
түсініктерді; атом құрылысы моделін; квантты механиканың
негізгі жағдайларын: кванттық энергияны; электронның корпус-
кулалық-толқындық дуализм; кванттық сандарды, анықтал-
мағандық қағидасын; толқындық функцияны.
2)
Электромагниттік сәулеленудің дискреттік табиғатын;
сутегі атомының электромагниттік сәулеленуі; Бор посту-
латтары және сутегі атомындағы электронның стационарлы
күйі.
3)
Атомдардың электрондық конфигурациясын және
атомдардың электрондық ұяшықтарын; атомдардағы электрон
қабатын толтыруда Паули принципін және Хунд ережесін,
Клечковский ережесін.
4)
Атомдардың қалыпты және қозған күйлерін; қосылыс-
тардағы элементтердің тотығуын және валенттілігін.
5)
Периодтық заңды және атомдардың электрондық құры-
лымы тұрғысынан химиялық элементтердің жүйесін; иондану
энергиясы, элементтердің электртерістілігі және электронға
ынтықтылық туралы түсініктерді.