Стр. 31 - ДЛЯ ППС

Упрощенная HTML-версия

31
Атом
– химиялық элемент пен жай заттардың барлық
химиялық қасиеттерін сипаттайтын электрбейтарапты ең кіші
бөлшек.
Атом-молекулалық ілім
заттың құрылымдық бірлігі
болып табылатын атомдар, молекулалар және иондар туралы
ілім.
Атомның абсолюттік массасы (m
0
)
– тыныштықта тұрған бір
атомның массасы (m
0
=1,66
10
-27
4,32
10
-25
кг, m
С
1,993
10
-26
кг).
Зат
– бір түрдегі атомдар немесе молекулалар жиынтығы:
жай
зат
– бір түрдегі атомдардан тұрады,
күрделі
зат
-
әр
түрлі атомдардан құралады.
Заттың салыстырмалы молекулалық массасы (М
r
)
молекуланың орташа массасының атомдық бірлігіне қатынасы:
M
r
= m (молекуланың) / m (c.a.м) = m (молекуланың) / 1,66
10
-27
.
Заттың эквиваленті (Э)
– химиялық реакциядағы сутек
атомының бір молімен қосылатын немесе сутек атомының
сондай санын алмастыратын заттың мөлшері; заттың бір
эквивалентінің массасын
эквиваленттік масса
деп атайды.
Ион
– электрондарын берген немесе қосып алған кезде
атомнан немесе молекуладан түзілген зарядталған бөлшек;
катион
– оң зарядталған ион,
анион
– теріс зарядталған ион.
Көлемдік қатынас заңы
– температура мен қысым бірдей
болғанда реакцияласушы (реагенттер) және реакциядан
шығатын (өнімдер) газдардың көлемінің өзара қатынасы жай
бүтін сандар қатынасындай болады.
Құрам тұрақтылық заңы
– қандай жолмен алынған болса
да, таза химиялық қосылыстың сапалық және сандық құрамы
әрдайым тұрақты болады.
Массаның сақталу заңы
– химиялық реакцияға түскен
заттың массасы, реакция нәтижесінде түзілген заттың массасына
тең.
Молекула
– бір немесе әртүрлі атомдардан құралған заттың
барлық негізгі химиялық қасиеттерін сипаттайтын электр-
бейтарап ең кіші бөлшек
.
Моль (ν)
– массасы 12 г
12
С көміртекте қанша атом болатын
болса, берілген заттың да сонша құрылымдық бөлшегі болатын
зат мөлшері.
Мольдік көлем (V
m
)
– 1 моль газдың немесе оның 6,02
10
23
мо-
лекулаларының берілген жағдайда алатын көлемі (қ.ж. V
m
= 22,4 л).