477
4.1 СӨЖ дайындау және рәсімдеуге арналған
әдістемелік нұсқаулар
Жоғары білікті мамандарды дайындау үшін оқытудың
барлық түрлерін басқаруға, жоспарлауға және ұйымдастыруға
бағытталған жүйе қажет. Осындай жүйенің бірден-бір маңызды
формасы студенттің өзіндік жұмысы.
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)
– бұл негізгі білімді
және тәжірибелік ептілікті қалыптастыруға бағытталған,
студенттің үздіксіз зерттеу әрекеті.
СӨЖ
тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефе-
раттар, авторлық шығармашылық жұмыстар (АШЖ) және
есептер
түрінде тексерілетін, оқу-әдістемелік әдебиеттермен
қамтамасыз етілген нақты тақырыптардың тізімі бойынша
жүргізіледі.
СӨЖ
орындаудың тиімділігі ұйымдастырушылық-әдіс-
темелік іс-шаралардың анық жоспарланған жүйесімен
қамтамасыз етіледі:
СӨЖ түрлерін анықтау және тапсырмаларды дайындау;
Орындау және жұмысты өткізудің кестесін құру;
СӨЖ оқу-әдістемелермен (оқулықтар, оқу құралдар,
әдістемелік нұсқаулар, анықтамалық материалдар, кестелер
және т.б.) қамтамасыз ету;
СӨЖ орындаудағы нормативтік талаптарды анықтау.
СӨЖ тақырыптары дәріс тақырыптары шеңберінде болуы
тиіс. СӨЖ үшін тапсырмалардың орындалуын тексеру СӨЖ
тапсырудың бекітілген кестесіне сәйкес оқытушылармен
аудиториядан тыс жүргізіледі.
Өзіндік жұмыстың барлық түрлері оқытылатын пәннің
силлабусында жазылады. 5В052700 және 5В052800 мамандық-
тарына оқытудың кредиттік технологиясының оқу жоспарымен