Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

Адам денсаулығына қауіпті, сапасыз және бұрмаланған өнімдерді түтыну да зиянды эсер етеді. КО ТР 021/2011 «Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі» заңы осы кемшіліктердің көзін жоюға бағытталған. Халықтың салауатты тамақгануын ұйымдастыру — тек терең білімге, бекітілген ғылыми концепцияларға, ойластырылған ғылыми-техникалық саясатқа сүйеніп қана жүзеге асыруға болатын күрделі әрі көпфакторлы үрдіс. Тагам өнеркәсібіндегі техникалық прогресс көбінесе демографиялық өзгерістермеи (халық саны, карт және ауру кісі үлесінің көбеюі), қоғамдық өзгерістермен, тіршілік және еңбек жағдайларының өзгеруімен (қала түрғынадарының көбеюі, еңбек сипатьшың өзгеруі, қоғамньщ жікке бөлінуі) анықталады. Ол тагам өнімдерін өндірушілерінде ғылым, технология, техниканың дамуының нәтижесінде пайда болған медицина, іргелі ғылым (физика, химия, микробиология) жетістіктерімен, жаңа технологиялық мүмкіндіктермен; экологиялық жағдайдың нашарлауына; тагам өнімдері нарығындағы қатаң бәсекелестікке байланысты. Осының барлығы дәстүрлі өнімдерді алу технологиясының түбегейлі жетілдірілуін ғана емес, бүгінп күн мүмкіндіктері мен ақиқатына жауап беретін жаңа буынның тагам өнімдерін әзірлеуді талап етеді. Олар құрылымы тепе-теңестірілген, калориясы аз, қант пен майлылығы төмендетілген, сонымен бірге денсаулыққа пайдалы, функционалдық және емдік қасиеті мол иніредиенттері бар, сақтау мерзімі үзартылған, тез дайандалатын және адамға ешқандай зияны жоқ өнімдер. Қазріг заманғы тагам өнімдерінің жіктелуін келесі сызбамен көрсетуге болады (1 сурет). 7

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==