Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

айырмашылықтар болады. Жануарларда бірқатар аминқышқылдарын түзу қабілетінің болмауынан, олар соңғыларына сұранысын өсімдік ақуыздарын көп мөлшерде пайдалану есебінен қанағаттандырады. Жануар ағзасы бірқатар жетіспейтін аминқышқылдарын түзе алады, бірақ бұл үрдіс гормондық және ферменттік жүйеге зиян келтіру арқылы жүреді. Сондықтан ақуыздардың жануарлар өнімін айналу коэффициентам жоғарылату мақсатында жануарларды үйлссімді азықтандыру (ет, сүт, балық өнеркәсібінің қалдықтары, қытайбүршақ күнжарасы) өзекті болып табылады. Өсімдік және мал шаруашылығы жуырдағы жылдарда тағам ақуызының негізгі көзі болатыны ықтимал, алайда ақуыз мәсслссін шешуде маңызды орын балық шаруашылығының үлесіне тиеді. Десе де теңіз өнімдерінің қоры іпектеулі, сондықтан ақуыз жетіспеуіпілігін толтырудың жаңа тиімді жолдарын әр елдің табиғи қорын ескере отырып іздестіру кокейкесті мәселе болып калмақ. Мәселсн жуырда ҚР БВК - мал азықтандыруға арналған микробиологиялық ақуыз өндіруші бірегей ел болатын. Жылына 1 млн тоннадан аса өндірілген өнім көлемінің 60% мұнай парафині негізінде, ал 40% - ағаш гидролизатының негізінде шығарылатын. Ақуызды өндіруді үйымдастыру спирт пен табиғи газды пайдалану арқылы да жүзегс асырылды. Мұндай технологиялық үрдістер мал азықтандыруда қытайбүршақ ақуызын болмаған жағдайда экономикалық жағынан тиімді. Ашытқылы массасының қүрамындағы аминқышқылдары мен дәрумендер мөлшері қытайбүршақ ақуызынан кем смес, тіпті асып түседі. БВК-ны азыққа қосу арқылы қоспа жемшөпті үнемдеп (1т БВК орнына 5 т), малдың салмақ қосуыпа ықпал етеді. Ақуыз жстіспеушілігі мәселесін шешуде соңғы жиырма жылдыкта жаңа биотехнологиялық бағыт анықталды, яғни генетикалық инженерия әдістсрімсн ақуыз мөлшері жоғары және сапасы жақсартылған тағам нысаналарып алу. Гепетикалық инженерияның мәні кез-келген ағзаның тектерін тектері рекомбинатталған, яғни жаңа пайдалы қасиеттерге өсімдік, жануарлар нсмссс микроағзалар алу үшін реципиент жасушаларына орын ауыстыруда. 72

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==