Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
тағамды (картон, нан-тоқат өнімдері, макарон өнімдері) пайдалану дәрежесі өскен. Адамның ақуызды орташа тұтынуы 17-22 % төмендеді; яғни 47,5-тен 38,8 г/тәулік дейін жануар текті ақуыз (ұсынылатын 55% орнына 49%); табыс мөлшері төмен отбасыларда жалпы ақуызды тұтыну 29-40 г аспайды. Ақуызды тагам мен пайдаланудың төмендеуі жердің ақуызбен қамтамасыздану дәрежесінің төмендеуінің қазіргі заманғы әлемдік тенденциясына сәйкес келеді. Планетадағы жалпы акуыз тапшылығы жылын 10-25 млрд т деп бағаланады. Жер бетінде тіршілік ететн 6 млрд адамның шамамен жартысы ақуыз тапшылығынан зардап шегеді. Тағамдық ақуыздын жетіспеушілігі қазіргі заманның тек экономикалық емес әлеуметтік мәселесі болып табылады. Жануар текті өнімдердің халықтың барлық әлеуметтік топтарына қол жетімді болуы барлық елде бірдей емес. Хадкы ауыр ауыл шаруашылық енбекпен шұғылданатын Тропикалык Африка, Латын Америкасы, Азия елдерінде жұмыртқа, ет пен сүт ақуыздарымен қамтамасыздану мәселесі ерекше өзекті. Жануарлар ақуызы кұнды тагам көзі болып тұрғанда экономикалық дамыған, бай елдер маңызды мәселенің шешімін табуы керек: бұл бір жағынан жануарлар текті мол өнімдердің өткізу мен сақтаудьщ рационалды тәсілдерін ойлап табу; екінші жағынан — тагам ақуызының жаңа қорларын табу жоллдарын іздестіру. Ондай болмаған жағдайда жер піары тұрғындарыпың едәуір бөлігі тағамға тек аминқышқылдық құрамы толымсыздығымен сипатталатын өсімдік текті ақуызды ғана пайдаланады. Тагам ақуызы қорын көбейтудің дәстүрлі жолы тек тағамға ғана емес, мал азығы ретінде де пайдалануға болатын бұршақты, майлы, дәнді дақылдарды өсіру технологиясы негізінде өсімдік пен мал шаруашылығының өнімділігін кебейту. Ақуыз молшері анағұрлым мол, әсіресе, лизинге бай өнім бұрпіақ дәнді дақылдар: қытайбұршақ, жасымық, қойбұршақ, асбұршақ, бөрібұршак. Алайда тікелей тағамға қолданылатын бұршақты дақылдар көптеген елдерде дәстүрлі тагам емес, сонымен бірге топырак-климатгық ерекшеліктері мен арнайы агротехникалык шараларды қолдануына байланысты кез-келген дақылды себу аумағын кеңейтіп, мол астыққа қол жеткізу онай шаруа емес. Құрамында толыққанды ақуызы қажетті мөлшерде болатын өсімдіктен құралған рацион әртүрлі қордан алынған тагам 70
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==