Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
ерекіпеліктерге және де қоршаған ортаның ластану дәрежесіне қарай егжей-тегжейлі анықталу кезеңінде болып тұрады. ДД¥ мен ТАШ¥ үсыныстарына сәйкес ақуызға қолайлы сұраныс шамасы тәулігіне 60-100 г иемесе тағамның жалпы калориясының 12-15% құрайды. Куаттың жалпы көлемінің 6-8% өсімдік және жануар текті ақуыз үлесінде. Дене салмағының 1 кг есептегенде, ересек адамға тәулігіне қажетті ақуыз мөлшері орта есеппен 1 г тең, ал балаларда жасына қарай 1,05-4,00 г дейін жетеді. Мұнда келтірілген мәліметтер адам денсаулығын қамтамасыз етуге қажетті қолайлы ақуыз деңгейіне жалпы сұранысын бсйнелейді. Мәсслен, 1904 ж Читтенден (Chittenden) күніне 44-53 г ақуыз деңгейін пайдалану (салмағы 70 кг) ересек адамньщ қалыпты физиологиялық күйде болуына ықпал етеді деп ұйғарған. Тіпті күніне ақуыз мөлшерін өте жоғары дәрежеде пайдаланған адамдардың өзін жақсы сезінген жағдайлар бар, мысалы тәулігіне 337 г ет жеген адамдар (Shah, 1953). Бұл сирек кездесегін жағдай, алайда ұсынылатын норманы үстанып тамақтанған дүрыс болады. ҚР ғылым мектебі бекіткен негізгі тағам заттектерінің халықтың негізгі топтарына ұсынатын түтыну нормасы еркектер үшін тәулігіне 73-120 г ақуыз, әйелдер үшін - 60-90 г, оның ішінде жануар текті ақуыз мөлшері сәйкесінше 43-65 г және 43-49 г. Төменгі шекара жүмысы ауыр физикалық еңбекке қатысы жоқ адамдарға, ал жоғарғысы ауыр дене еңбегімен айналысатын адардарға арналады. Орта есеппен 30 жастағы еркек адамга қажетті ақуызды деігейі азотпен салыстыра есептегенде денесінің 1 кг салмағына тәулігіне 9,0-9,2 г тең. Ауыр инфекцияларды бастан кешірген, ота жасалған, асқорыту, тынысалу мүшелерінің сырқатымен науқастанған адамдар үшіи бүл норма орта есеппен тәулігіне 110-120 көтеріледі, ал жоғары акуызды диетада, мысалы диабетті науқастарға бүл сүраныс - 135-140 г жетеді. Бүйрек жетімсіздігі, тұз байлану және басқа кейбір ауруларда тәулігіне пайдаланатын ақуыз мөлшері 20-40 г дейін шектеледі. Бүгінде әлемде ақуызды тағам тапшылығы орын алуды, және жуырдағы онжылдықтарда бұл тапшылықтың сақталуы ықтимал. Жердің әр түрғынына тиесілі ақуыз мөлшерінің нормасы 70 г бола тұра, тәулігіне шамамен 60 г қүрайды. Тамақтану институнының мәліметтері бойынша 1992 жылдан бастап, жануар текті ақуызды пайдалану 25-35 % төмендеген, және сәйкесінше көмірсулы 69
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==