Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
өндірісінде, балық маринадтарының және баска қышқыл балық өнімдерінің бөлігі ретінде қолданылады. Сонымен қатар, ол шарап пен сыраға арналған бөшкелерді зарарсыздандыру үшін жиі қолданылады. Натрий және калий нитраттары мен нитриттері (Е 249-252) - ет және сүт өнімдерін өндіру кезінде микробқа қарсы қүралдар ретінде натрий және калий нитраттары мен нитриттері кеңінен қолданылады. Балалар тағамы өнімдерінде бұл заттарды қолдануға жол берілмейді. Нафтохинондар С|оН 6 0 2 - алкогольсіз сусындарды түрақтандыру үшін қолданылады және ашытқының өсуін бәсеңдетеді. Неғүрлым кеңінен тараған юглон (5-окси,1,4- нафтохинон) және плюмбагин (2-митил,5-окси,1,4-нафтохинон) Юглон консервілейтін әсері 1 л-ге 0,5 мг, плюмбагин 1 л-ге 1 мг концентрациясында байқалады. Олар аз уытты және 100 есе қауіпсіздік шегіне ие. Консерванттарды таңдау және оларды мөлшерлеу: - бактериялық ластану дәрежесіне және микрофлораның сапалық құрамына; - өндіріс және сақтау жағдайларына; - өнімнің химиялык қүрамына және оның физика-химиялык қасиеттеріне; - күтілетін жарамдылық мерзіміне байланысты болады. Жаппай түтыну өнімдерін: сүтті, сары майды, ұнды, нанды (буып-түйілген және үзақ сақтау үшін буып-түйілгендерден басқа), жаңа піскен етгі, балалар және диеталық тамақ өнімдерін өндіру кезінде, сондай-ақ «табиғи» немесе «жаңа піскен» деп белгіленген консерванттарды пайдалануға жол берілмейді. Өндірісте қолдануға рұқсат етілмеген консервантгарға: азидтар, антибиотиктер, бор қышқылы (Е-284), бура (Е-285), тиабендазол (Е-233), диэтилдикарбонат (Е-243), озон, этиленоксид, пропиленоксид, салицил қышқылы жатады. Тыйым салынған консервант формальдегид (Е-240). 58
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==