Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
Бензой қышқылының тиімділігі консервант ретінде pH 5-тен жоғары емес қышқыл ортада артады. Ашытқы саңырауқұлақтарына қарсы бензой қышқылының белсенділігі зеңге қарағанда жоғары. Бензой қышқылы салыстырмалы түрде жоғары емес антисептикалық касиетгермен сипатталады. Бензой қышқылының әсеріне және оның ггрепараттарына кейбір микроорганизімдер әдетте резистентті, ал басқалары тіпті оны қоректік субстрат ретінде кәдеге жаратады. Сорбин қышқылы СбН«О 2 (Е-200) - ол негізінен дегидрогеназаны тежеу қабілетінің ақасында фунгицид әсеріне ие және сүт қышқылды флораның өсуін бәсеңдетпейді, сондықтан басқа консерванттармен, күкіртгі ангидридпен, бензой қышқылымсн, натрий нитритімен бірге қолданылады. Сорбин қышқылының тұздары кеңінен пайдаланылады. Сорбин қышқылының микробқа қарсы қасиеттері pH көлеміне байланысты емес,сондықган ол жеміс, көкөніс, жұмыртқа, ұн өнімдерін, ет, балық өнімдерін, маргаринді, ірімшіктерді, шарапты консервілеу кезінде кеңінен қолданылады. Собин қышқылы-уытгылығы аз зат. Алайда, канцерогендік белсенділікке ие сорбин қышкылының D- лактон түзу мүмкіндігі бар. Бор кышкылы (Е-284) - бор қышқылы (Н 3 ВО 3 ) және борлар адам ағзасында, негізінен ми және жүйке тіндерінде жоғары уыттылық таныта отырып, жинақтауға қабілетті. Олар тіндердің оттегін тұтынуы, аммиак синтезін және адреналиннің тотығуымен төмендетеді. Осыған байланысты біздің елде бұл затгар қолданылмайды. Пропион қыпіқылы СН3СН2СООН ( Е-280) - сондай-ақ құмырсқа қышқылы сияқты тірі табиғатга кең таралған. Ақуыз, майлар мен көмірсулардың биологиялық тотығын қамтамасыз ететін кребс циклінің аралық буыны болып табылады. АҚШ-та пропион қышқылы нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіруде консервант ретінде қолданады. Бірқатар Еуропалық елдерде ол ұнға қосылады. Пропион қышқылының тұздары,атап айтқанда натрий пропионаты, уытттылығы аз болып келеді. Пропион қышқылы қаныққан немесе ұшпа май қышқылдары класына жатады. Химиялық құрылымдары монобазды карбон қышқылы. Қоспаның балқу температурасы 21°С-тан томен, ал440 ° С темпсратурасында қышқыл өздігінен тұганады. 56
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==