Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

бірнеше есе төзімді бактериялар. Жемістерге,жидектерге,гпоренің барлық түрлеріне жәнс шырындарға арналған күкірт диоксидінің ең жақсы концентрациясы 0,1-0,2%. Жеміс шырындарын кейіннен алкогольсіз сусындар өндірісінде пайдалану мақсатында консервілеу үшін, этил спиртін 16% дозаға ауыстырады. Күкірт диоксидін сульфидтер деп те атайды. Сульфидтср- ағартушы материал ретінде тазартылған катофелде, жемістерде және көкөністерді кескенде қараймас үшін қолданылады. Күкіртті газ витамин Ві және биотинді ыдыратады. (Е-220) қоспасы құрғақ жемістердің өнеркәсіптік өндірісінде қолданылады.Күкірт диоксиді сонымен қатар шарап жасу үшін де, мацызды компонент болып табылады. Е-220 қоспасы антибиотик және антиоксидант ретінде қолданылады. Күкірт диоксиді шараптардың барлық түрлерінде болады. Бензой қышқылы С?Н 6 О 2 (Е-210) - жэне оның түз бензоаттарының микробқа қарсы әсері ферментгердің белсенділігін басу қабілетіне негізделген. Атап айтқанда каталаза мен пероксидазацы тежеу кезінде микробтық жасушаның қызметін тежейтін сутегі пероксиді жиналады. Бензой қышқылы жеміс-жидек өнімдерін дайындау үшін бүрыннан қолданылады,өйткені оның микробқа қарсы белсенділігі қышқыл ортада күшейеді. Бензой қышқылы липаз-ферменттерді, майларды және крахмалды ажыратады. Ол ашытқы мен қышқыл ашыту бактерияларының өсуін басады, сірке қышқылы ашыту бактерияларына әлсіз эсер етеді жәнс сүтқышқылы флорасы мен зеңге. Бензой қышқылы адам ағзасында жинакталмайды. Бензой қышқылы жэне оның түздары кондитерлік өндірісте пайдаланылатын жеміс-жидек пюресін, шырындар мен қойыртпақтарды, жеміс шырындарын, балық уылдырығын, сондай- ақ мармеладты, 700 мг/кг аспайтын мөлшерде печенье өндіруге арналған меланжды консервілеу үшін қолданылады. Ол табиғи қосылыс ретінде кейбір жемістер мен жидектердің қүрамына кіреді. N -окибензой қышқылының эфирлері, өсімдік алкалоидтары мен пигментгердің қүрамына кіреді. Аз концентрацияларда бензой қышқылы гликолмен гиппур қышқылын түзеді жэне толық бөлінеді. Үлкен концентрацияларда бензой қышқылының уытты қасиетгері пайда болуы мүмкін. 55

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==