Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
Бензой қышқылы (Е-2 10), натрий бензоаты С 2 Н; COONa (Е-21 1) және калий бензоаты (Е-2 12) кейбір тамақ өнімдеріне бактерицидті және саңырауқұлаққа қарсы дәрілер ретінде енгізді. Мүндай өнімдерге джем, жеміс маринады және жеміс йогурты жатады. Құрамында натрий мен кальций бензоаттары бар өнімдерді, астматиктерге және аспиринге сезімтал адамдарға қолдануға болмайды. Микроорганизмдердің өсуін болдырмау мақсатьшда өнімдерге Na 2 SO 3 (Е-221) натрий сульфитін және тіпті SO 2 (Е-220) күкірт диоксидін (Mehukatti концентрацияланған шырыны, өндірушісі - Түркия) қосады. Консервант ретінде пайдаланылатын күкірт диоксиді мен сульфиттердің жетіспеупгілігі, олар В1 (тиамин) және Н (биотин) витаминдерін бұзады. Натрий сульфиты, натрий нитриті және натрий нитраты балалардың жоғары қозғыштығына жауапты болып саналады. Жоғары концентрациядағы нитриттер ас қорыту тепе-теңдігіне және тіпті өлімге алып келуі мүмкін, зерттеулерде олардың канцерогендік әсері туралы мәліметтер бар. Нан өнімдерін сақтау үшін жиі кальций пропионаты (СН 3 -СН 2 - СОО) 2Са (Е-282) (Ресейде, Беларусьте тыйым салынған) қолданылады. Бірақ көбінесе тағамдық өнімдердің бұлінуін болдырмау үшін сорбин қыпіқылы СН 3 -СН=СН-СН=СН-СООН (Е- 200), калий сорбаты (Е-202) және кальций сорбаты (Е-203) консерванттар қолданылады. Олар барлық тагам өнімдерін, оның ішінде әлсіз кышқылдарды өндіруде табысты қолданылады. Нан- тоқаш өнімдері мен шараптарды консервілеу кезінде, қажетсіз технологиялық әсерлерді болдырмау үшін қолданылатын сорбин қышқылы және калий сорбаты консервантгарының арнайы нысандары жоқ. Сорбин қышқылы негізіндегі консерванттар — тамақ онімдерінің барлық түрлерінде ашытқылармен, зендсрмен және кейбір бактериялармен күрестің тиімді құралы, бірақ микробқа қарсы эсер ету спекгрі әлі де шектеулі. Бірқатар өнімдерде оларды басқа консерванттармен біріктіру ұсынылады. Әсіресе натрий бензоатымен калий сорбатын тиімді бірлестіріп пайдалану (алкогольсіз сусындарда кетчуптарда, майонездерде, балық өнімдерінде, көкөніс және жеміс-жидек консервілерінде). Сондай-ақ, незиннің қосымша қоспасы 49
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==