Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
бөледі. Тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларға, тағамдық шикізат пен өнімдерді ласгаушыларға арналған тараулар да тағамдық химияның ажырамас бөлігі болып табылады. Аталмыш мәселелерді шешу тағам шикізаты мен дайын онімдерді зерттеу әдістерін білуді талап етеді. Бұл гылым тағам жүйелерін талдаудың жаңа принциптері мен әдістерін әзірлеумен айналысып қана қоймай, сонымен бірге жеке құрамбөліктердің құрылымын, олардың қызметін және басқа құрамбеліктермсн өзара байланысын бекітуді көздейді. Сонымен катар тагам химиясы шикізатгағы, жартылай фабрикаттардағы, дайын өнімдердегі зиянды және бөгде заттектерді талдауға да ерекше көңіл бөледі. Тагам химиясы іргелі ғылымдардың жетістіктері мсн тағам туралы ғылымға негізделген, биотехнология, микробиология ғылымдарымен тығыз байлынысты және өз тәжірибесінде әртүрлі зерттеу әдістерін кеңінен қолданады. Қазіргі уақытта ілгері дамып келе жатқан білім саласы. Тагам химиясы саласына енетін және тагам өнімдерінің жаңа технологиясын әзірлеуді көздейтін барлық аталған негізгі бағыттардың максималды түрде іріленген сызбасын 2 суреттен көруге болады. Бірінші бағыт тағамдық жүйелердің (шикізат, жартылай дайын өнім, дайын өнім) химиялық құрамын, олардың толық құндылығын және экологиялық қауіпсіздігін зерттеуге арналған. Бұл саланың ірі жетістігі - тагам шикізаты мен дайын өнімнің химиялық құрамының кестесінің құрылуы. 10
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==