Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

11-ТАРАУ 524 кең таралған форматы, әсіресе бірдей түстің үлкен аумағын қамтитын суреттерге қатысты қолданылады. GIF форматындағы қарапайым сурет файлы JPEG форматындағы сақталған файлдан кішірек болады, бірақ GIF форматы да JPEG секілді фотосуреттерді сақтай алмай- ды. #Google – адамдар және түрлі тақырып- тар жөнінде мәлімет іздеу жүйесі. H #Hit – интернетке қатысты айтылатын тер- мин. Браузерден интернет сервердегі бір эле- ментке жолданатын жеке сұраныс; осылайша браузердің үш графикалық кескіні бар парақ- шаны көрсетуі үшін серверде төрт сұраныс пайда болуға тиіс: біреуі HTML парақшасы, ал біреуі әр үш графикалық кескіндер үшін. #HDTV (High Definition TV – Айқынды - ғы жоғары теледидар) – суреттегі сызықтар санының көбеюі (1150 сурет сызықтары). Қа- зіргі заманғы басқа жүйелермен, мысалы, Американың Ұлттық телевизия жүйесі ко- митетімен (525 сызықтар, кең экранды фор- мат (16х9), жақсартылған түс және 4-арналы цифрлық дыбыс) салыстырғанда, HDTV эк- ран тұнықтығымен толық қамтамасыз етеді. #HTML (Hypertext Markup Language – Ги - пермәтінді белгілеу тілі) – интернетте қол- дануға арналған гипермәтіндік құжаттарды дайындаудың кодтық тілі. HTML ескі үлгідегі мәтін теру коды ретінде көрінуі мүмкін. Ги- пермәтіндегі «гипер» сөзі HTML-де мәтін- дер немесе суреттер топтамасы интернеттегі басқа файлмен байланысатындығын көрсе- ту себебіне орай алынған. HTML файлдары браузердің көмегімен қарастыруға арналған. SGML деп аталатын сыйымдылығы мол бел- гілеу жүйесінен құралған және XML негізін- де XHTML стандарттарымен алмастырылады деп күтілуде. #HTTP (Hypertext transport protocol – Ги - пермәтінді жіберу протоколы) – Бүкіл- әлемдік өрнекпен байланыстыратын прото- кол. I #ID – станцияны анықтау. #IP Number (Internet Protocol Number – Интернет протоколының нөмірі) – бұл термин кейде «dotted quad» деп те аталады. Нүктелермен бөлінген төрт бөліктен құрал- ған жеке нөмір, мысалы, 165.113.245.2. Интер- неттегі әр машинаның жеке IP нөмірі бар, ал егер машинада аталмыш нөмір болмаса, мұ- ның интернетте мүлдем жоқтығын білдіртеді. Көптеген машиналарда (әсіресе серверлер) есте сақтауға жеңіл саналатын бір немесе бір- неше домендік атаулар бар. #iPod – портативтік музыкалық плеер. iTunes бағдарламасы iPod -қа түрлі формат- тағы әуендерді жібереді және әуендер тізімін жасайды. #iPhone – телефон, iPod , камера, мәтін жолдау, электронды пошта, веб браузер, му- зыка, видео, суреттер және басқа қосымша- лардан құралған шағын портативтік құрыл- ғының жиыны. #IRC (Internet Relay Chat – Ретрансля - циялық интернет чаты) – сан алуан қызмет атқаратын чат құрылғысы. Әлемде бір-бірі- мен байланысатын көптеген ірі IRС серверлер бар. Кез келген адам канал аша алады және бұл каналға әркімнің жазғаны каналдағы бар- лық қатысушыларға көрінеді. Сонымен қатар бірнеше адаммен телеконференция ұйым- дастыру мақсатында жеке каналдар құрыла- ды. #ISDN (Integrated Services Digital Network – Өзара интеграциялы сервис - тердің цифрлық желісі) – кәдімгі телефон желілері арқылы көп мәліметті жеткізу әдісі. ISDN – АҚШ тұрғындарының басым көпші- лігіне оңтайлы және көптеген нарықта бағасы стандартты балама телефондармен өте са- лыстырмалы болып келеді. Бұл кәдімгі теле- фон желілері арқылы секундына 128 000 бит жылдамдықпен қамтамасыз ете алады. Тәжі- рибелік тұрғыдан, адамдар секундына 56 000 немесе 64 000 битпен шектелуге тиіс. DSL-мен салыстырғанда, ISDN кәдімгі телефон қоңы- рауы секілді көптеген түрлі локацияларды байланыстыру үшін қолданылады, бірақ ло- кацияның ISDN-і болуға тиіс. #ISP (Internet Service Provider – Интернет сервис провайдері) – өз клиенттерін интер- нетке қосуға мүмкіндік беретін компьютерлік желіні орнатушы компания. #ITFS (Instructional Television Fixed Service – Танымдық телевизияның арна - йы қызметі) – танымдық, кәсіби және тағы да басқа материалдарды бір нүктеден екін- ші нүктеге жеткізетін арзан қысқа толқынды жүйе. #ITV (Instructional television) – Танымдық телевизия. J #Java – бұл Sun Microsystems ойлап тапқан ыңғайлы, желілік бағдарлама тілі. Java тран- закцияны өңдеу жүйесі секілді, желіде өзара әрекет жасайтын бірнеше түрлі компьютер- лерді жұмылдыратын үлкен және күрделі

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==