Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

11-ТАРАУ 522 іздеп және табылған нәтижелерден дерекқор құрастырады. Ал басқа іздестіру жүйелері де- рекқорға салу үшін тек қолмен расталған ма- териалдарды қамтиды, ал кейбіреулері жоға- рыда аталған екі тәсілді қолданады. #Ірі план (Close-up) – телевизиялық эк- ранды жақыннан көрсетілген нысанмен тол- тыру. Басқа кадр белгілері секілді, мұнда да түрлі деталь (мысалы, орта ірі план) мен абб- ревиатуралар бар. Э #Экстранет (Extranet) – компанияның жекеменшік желісінің бөлігі саналмайтын компьютерлерге арналған және көпшіліктің қолы жетпейтін ішкі желі. Мысалы, іскерлік серіктестер мен жеткізушілердің компания- ның сайтына қол жеткізу мүмкіндігі жоқ. Көп жағдайда Виртуалды дербес желінің (VPN) пайдаланатын ішкі желісі. #Электронды пошта (Email, Electronic mail) – бір компьютерден екіншісіне жібері- летін хабар, әдетте мәтін күйінде жолданады. #Электронды синтезатор (Electronic synthesizer) – тыныштықтан әуен және тағы басқа қиын дыбыстар тудыртып, дыбыс жа- сайтын және оны өңдейтін электрондық құ- рылғы. #Эффектілер (EFFX) – фиксациялық ра- диобағдарламаларға арналған белгілер. A #ARB (American Research Bureau – Аме - рика зерттеу бюросы) – нарықтық зерттеу жүргізетін компания. #Associated Press (AP) – АҚШ-тағы ақпа- раттық бағдарламалар қолданатын телеграф- тық агенттіктердің ең беделдісі. #ATR – аудиомагнитофон. B #BBC – Британдық хабар тарату корпора- циясы. #BING – түрлі тақырыптар мен тұлғалар туралы ақпарат жинауға арналған Windows пен MSN -нің іздестіру жүйесі. #BlackBerry – құрамында телефон, факс, электронды пошта, мәтіндік хабарлар, видео- қабылдағыш, интернет браузер, уақыт, күн- тізбе орнату, корпоративтік деректерді пай- далану, хабарлау және тағы басқа элемент- тері бар тасымалдаушы құрылғы, былайша айтқанда, мини-компьютер. #Blu-ray – «blu-ray дискі» атауы көккүлгін түсті лазер (blue-violet laser) сөз тіркесінен туындаған термин. Осы типтес дискілерді ой- натуға һәм таспалауға қолданылады. Betamax - ты жасаған Sony компаниясына тиесілі. Тол- қын ұзындығының қысқалығына байланысты (405 нанометр), ұзындығы 650 нанометрлі қы- зыл лазерді қолданатын DVD форматындағы дискіге қарағанда, blu-ray дискісінде көп ақ- паратты сақтауға болады. Тек 4.7 GB деректі сақтай алатын DVD-мен салыстырғанда, Blu- ray дискілері әр бетіне 25 GB көлемін сыйды- ра алады. Бірнеше өндірушілер бір және қос бетіне (50 GB) жазатын BD-лер мен қайта жа- затын дискілер жасап шығарды. Шығарушы студиялар көлемі 50 GB кино сиятын дискілер дайындағанын жариялады. #bps (bits-per-second – секундтағы бит - тер саны) – ақпараттың бір орыннан екінші орынға көшу жылдамдығын көрсететін өл- шем. 56 K модемі секундына 57 000 биттерді көшіре алады. C #CD – компакт диск; лазермен жабдық- талған құрылғыда оқылатын цифрлық аудио немесе цифрлық компьютер ақпаратты қам- титын, диаметрі 11,4 см диск. Жоғары сапа- лы аудионы жеткізуге арналған халықаралық формат. #CD-ROM – тұрақты сақтау құрылғысына негізделген компакт диск; мультимедиалық қосымшаларды таратудың басты құралы ре- тінде қолданылатын оптикалық таратушы- ның түрі. #CG (Character generator – символ гене - раторы) – әріптерден фондық суреттер жа- сайтын электрондық құрылғы. #CNN (Cable News Network – кабельдік жаңалықтар желісі) #Cookie файлы (Cookie) – браузер сервер- ден қосымша сұраныс жасаған заматта, брау- зердің бағдарламалық жасақтамасы өздігінен сақтайтын және серверге кері жіберетін ақ- парат бөлшегі. Cookie файлының түріне және браузердің орнатылу бабына байланысты, браузер сookie файлдарын қабылдау-қабыл- дамауы мүмкін және аталмыш файлдарды қысқа немесе ұзақ мерзімге сақтауы мүмкін. Cookie файлдары логин, ақпаратты тіркеу, онлайн сауда жасау картасы туралы ақпарат секілді, қолданушылардың ұсыныстары және т.б. ақпаратты қамтиды. #CS (close shot – ірі план)

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==