Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

521 ГЛОССАРИЙ #Тікелей эфирде таспалау (Live-type taped) – телевизиялық тікелей эфир проце- сінде қолданылатын режиссерлік әдіс. Соны- мен қатар бұл әдіс «тура таспа» деп аталады; бұрынғы уақытта таспаны қолмен қиып мон- таждау үшін қолданылған термин, түсірілім- де таспаға неғұрлым көп мәлімет салсаң, со- ңында соғұрлым аз кесу жасау керек болатын. #Тышқан (Mouse) – жеке компьютер эк- ранындағы меңзерді бақылайтын құрылғы. #T-1 – секундына 1 544 000 бит мәліметті жеткізе алатын айрықша желі. Максимал- дық теоретикалық сыйымдылық кезінде, T-1 10 секундтан аз уақыт ішінде бір мегабайт қамтитын мәліметті жібере алады. Бұл кемі секундына 10 000 000 битті қажет ететін то- лық экранды және толық форматты видеоға жеткіліксіз. Әдетте T-1 линиялары жергілікті үлкен желілерді интернетке қосу үшін қолда- нылады. #T-3 – cекундына 44 736 000 бит мәлімет- ті жеткізе алатын айрықша желі. Бұл толық экранды және толық форматты видео жасау үшін жеткілікті. У #Уақытты тең еншілеу ережесі (Equal Time Rule) – АҚШ Конгресі және Федералды коммуникация комиссиясының (FCC) саяси қызмет сайлауына түскен үміткерлерге радио мен телевизияда жарнамалар жасаудағы тең уақыт иемдену жөніндегі құқығы. Ү #Үлес (Share) – белгілі бір уақытта нақты бір бағдарламаға бапталған барлық телеви- зияның пайызы. Ф #Файл (File) – компьютердегі құжат, гра- фика және дерекқор секілді барлық мате- риалдардың жалпы атауы. Сонымен қатар сақтау және іздеу алаңы әрі тізім ретінде де пайдаланылады. #Фокустық қашықтық (Focal length) – объектив пен суретке түсіру құрылғысы (яғни, таспа) арасындағы қашықтық. Кадрға еру не- месе нысанның қасында немесе онымен бірге камера және тасымал құралының қозғалуы. #Формат (Format) – белгілі бір бағдарла- маның контентін орнату және оның физика- лық сұлбасы. Сонымен қатар сценарий түр- лерін икемдеу үшін компьютерге ұсыныла- тын нұсқаулар. Х #Хард драйв (Hard drive) – компьютердің мәліметтерді сақтаудағы басты құрылғысы. #Хост (Host) – желідегі басқа компьютер- лерге қолжетімді сервистер қоймасын ұсына- тын кез келген компьютер. Көп жағдайда бір хост SMTP (электронды пошта) және HTTP (веб) секілді бірнеше сервистерді қолдануды қамтамасыз етеді. #Хромакей (Chroma key) – суреттің түсін ауыстырып және басқа суретпен алмастыра алатын электронды эффект. Ц #Цитата (bite) – деректі фильмдер мен ақпараттық бағдарламаларда қолданылатын цитата үзіндісі. #Цифрлық идентификатор (Digital) – мәліметтерді ұсыну үшін 0 және 1 цифрын қолдану; компьютерге сол мәліметтерді оқу- ға, сақтауға және басқаруға нұсқау беретін код. Ш #Шағын деректі фильм (Minidocumentary) – көп жағдайда журнал форматындағы телевизиялық бағдарлама- ларда қолданылатын қысқа деректі фильм. #Шағын камера (Minicam) – жоғары мо- бильді жаңалықтар жинау және алыс қашық- тықты қамтуға бағытталған жеңіл әрі жыл- жымалы камера және таспа жүйесі. #Шпиондық бағдарлама (Spyware) – қол- данушының компьютеріне жасырын орнаты- латын және оның келісімінсіз компьютердің қолданылуын бақылайтын бағдарламалық жасақтама. Басым көпшілігі қолданушыны жарнамаларды көру немесе белгілі бір веб парақшаларға көруге итермелейді. Бұл бағ- дарламалар әдетте басқа бағдарламаны жүк- теу кезінде орнатылады, мысалы, жүктеп алу арқылы музыкамен бөлісу бағдарламасынан. #Шығару жолағы (bandwidth) – дабыл жиіліктерінің ауқымы, тасымалдаушы басқа- ра алатын ақпарат көлемі. #Шығыр (Crawl) – практикада «барайна- лып» деп те қолданылады ) – титрдің экранда айналып қозғалуы. І #Іздестіру жүйесі (Search Engine) – желі- дегі (интернет базасындағы) ашық ақпаратты іздестіру жүйесі. Кейбір іздестіру жүйелері басқа жүйелердің контентін автоматты түрде

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==