Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
11-ТАРАУ 520 #Сырғыту (Back-timing) – бекітулі хроно- метраждан асып кетпес үшін сценарийді ба- лама түрде аяқтауды талап етеді. Соған сәй- кес музыка үстінен бастырмалатып қоштасу да жатады. #Сілтеме (Link) – компьютер арқылы сайттағы түрлі материалдар мен құжаттарды біріктіру тәсілі. Т #Талшықты-оптикалық кабель (Fiber optic cable) – цифрлық сигналдармен кодтал- ған лазер сәулесін тасымалдаушы кабель; се- кундына миллиондаған биттерден құралған мәліметтерді жібере алады. #Тарату желісі (Feed) – қашық жерлер- ден немесе желіден хабар тарату. #Тәжірибелі интернет қолданушылар (Digerati) – цифрлық медиа білгірлері, цифр- лық технологияларды игерген, сәнге ілесетін секілді көрінетін немесе, керісінше, бұдан толық хабары бар адамдарға қатысты айты- лады. #Тег (Tag) – «тег» термині зат есім немесе етістік ретінде де қызмет етеді. Зат есім ре- тінде (HTML) интернет парақшаларын және XML секілді ұқсас тілдер құруға қолданы- латын тілдердің негізгі элементі мағынасын береді. Тегтің басқа түрі ретінде оқырман құ- растыратын терминді айтуға болады, мұнда блогтар мен басқа контенттер (фото, музыка және т.б. секілді) тегтелуі мүмкін, нәтиже- сінде «саясаткерлер» немесе «бағбаншылық» секілді негізгі сөздер ерекшелеп алуы мүмкін. Мысалы, «босанғанға дейінгі күтім» деп тег- телген соңғы аптадағы барлық блог жазба- лардан қажетті ақпарды іздестіреді. #Тексеру (Verification) – ақпарат көздері- нің дәлдігін қайта тексеру. #Телевизия титрі (Chyron) – электронды символ генераторының атауы, кейде жалпы- лама қолданылады, негізі электронды символ генераторларын түгел сипаттауға арналған термин. #Терабайт (Terabyte) – 1000 гигабайттан тұратын өлшеу бірлігі. #Телеконференция (Teleconference) – корпоративтік видеоның маңызды аспектісі, бұл жеке адамдар немесе топтарға қашық- тықтан кездесулер мен конференциялар жүргізуге мүмкіндік жасайды. #Телепьеса түсіру (Filmed teleplay) – те- левизия немесе кабельдік телевизияда көрсе- ту үшін таспаға түсірілген драма немесе ко- медия. #Терминал (Terminal) – басқа жердегі компьютерге команда жіберуге мүмкіндік жасайтын құрылғы. Негізі, бұл термин кла- виатура мен экран және кейбір қарапайым сызбаларды білдіреді. Әдетте бұл бағдарла- малық жасақтаманы дербес компьютерде қолдану қажет, себебі бағдарламалық жасақ- тама физикалық терминал ретінде көрініп, басқа жердегі компьютерге командаларды енгізуге итермелеуі мүмкін. #Титр (Titles) – теледидар экранындағы түсірілім топ тізімі һәм басқа да жазбаша мә- ліметтер. #Тоғыспалы жанасу (Cross-fade) – бір дыбыс екінші дыбысқа ауысқанда қойылатын өткел. #Толық баяндау парағы (Routine sheet) – ішкі бағдарламалар немесе тақырыптар, орындаушылар, орындар (егер қашықтықтан таратылатын болса), уақыты және тағы басқа бағдарлама сегменттерін толық сипаттау. #Толық сервис станциясы (Full-service station) – көбінде бір ғана сервисті (музыка- ның немесе форматтың бір түрі) ұсынатын мамандандырылған радиомен салыстырған- да, екі немесе бірнеше форматты (музыка, жаңалықтар, сұхбаттасу және басқа да мате- риалдар) ұстанатын радиостанция. #Ток-шоу (Talk) – сұхбат, пікірталас және әңгіме-дүкен құратын тағы басқа түрлерге ба- ғытталған термин. #Торап (Node) – желіге қосылған кез кел- ген компьютер. #Трекинг кадр, рельс (Track, track up) – камераның фигурамен немесе субъектімен бірге жылжуы; дыбыс қарқынының үдей тү- суі. Сонымен қатар алдын ала жазылған ау- дионы жаңадан қосылатын таспаға шаптау- ды білдіретін режиссер бұйрығы ретінде де қолданылады. Режиссердің: «#1-таспаны ай- налдыр, қос!» – деуі видео мен аудионың бір тізбекте болатындығын көрсетеді. #Тұрақты сілтеме (Permalink) – блогтағы нақты бір жазбаға сілтеме. Аталмыш сілтеме жазбаның түпнұсқасы жазылған парақшаны емес (себебі жазбаларды көпке дейін сақта- мауы мүмкін), алдымен арнайы блог жазба- сын көрсететін URL адресі. #Түйін сөз (Outro) – әр бағдарламаның немесе ұзақ сериялы бағдарламаның белгі- ленген сегментінің соңында қолданылатын стандартты материал; сонымен қатар «stock close» деп те аталады. #Түсірілім топ титрі (Credits) – кейіп- керлердің, өндірістік қызметкерлердің және бағдарламаға жауапты өзге де адамдардың тізімі, көбіне-көп хабар соңында, арагідік ба- сында шығады. #Тізбек үзілісі (Chain break) – мемлекеттік және жергілікті жарнамалар кезіндегі үзіліс.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==