Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

519 ГЛОССАРИЙ #Протагонист (Protagonist) – сюжет желі- сін шарықтатушы басты кейіпкер. #Протокол (Protocol) – протокол сөзі интернетте жүйелер арасындағы байланыс- тың нақты формасын анықтайтын ережелер жиынтығын білдіреді. Мысалы, HTTP прото- кол интернет браузер мен интернет сервері арасындағы байланысты, IMAP протоколы IMAP электронды пошта серверлері мен клиенттер арасындағы байланысты және SSL протоколы интернет желісіндегі шифрленген байланыс форматын қамтиды. #Психографика (Psychographics) – демо- графикалық анализдеуден күрделі санала- тын, лауазым, наным-сенімі және тәлім-тәр- биесіне қарап аудиторияны талдау. Р #Реалтаймда ақпарат тарату прото - колы (RealTime Streaming Protocol) – аудио және видео секілді мәліметтер ағынын жет- кізу және қабылдауға арналған интернет стандарты (RFC 2326). Аталмыш стандарт реалтаймдағы (тікелей эфир) және сақтаулы тұрған деректер ағынын қолдануға мүмкіндік жасайды. #Режиссерлік сценарий (continuity) – ра- дио мен телевизияда жазбаша түрде қолда- нылатын жалпы термин. #Рейтинг (Rating) – телевизиядағы белгілі бір бағдарламаны көретін үйлердің пайыз- дық үлесі. #Ретсіз формат (Nonlinear) – қолданушы- ларға өз таңдауларына сай кез келген тәртіпте ақпаратты оқуға және қол жеткізуге септесе- тін формат. #Ретті ақпарат (Linear Information) – ба- сынан соңына дейін рет бойынша ұсыныла- тын ақпарат. #Рельстегі түсірілім (Truck shot or Travel shot) – оператор арбасымен камераның гори- зонталды қозғалуы. Сонымен қатар travel shot деп аталады. #Роутер (Router) – екі немесе одан да көп пакетті ажыратқышжелілер арасындағы бай- ланысты өңдейтін арнайы мақсатты компью- тер (немесе бағдарламалар пакеті). Роутер дереккөзді табу және өздері арқылы өтетін пакеттердің белгіленген адрестерін іздеп, нәтижесінде олардың бағыттарын айқындау үшін көп уақыт жұмсайды. С #Сайт (Web site) – сервер арқылы қол жет- кізуге болатын парақшалар мен басқа ақпа- раттың (суреттер, дыбыс, видеофайлдар және т.б. секілді) толық жинағы. Әдетте сайттағы барлық парақша бірдей URL қолданады. Бір ұйымның сан алуан бөлімшелерінің жеке-же- ке сайттары болуы мүмкін, бірақ бәрі жабы- лып бір сайттың құрамдас бөлігі болады. #Сервер (Server) – басқа компьютерлерде жұмыс жасайтын клиенттік бағдарламаларға қызметтер түрін ұсынатын компьютер неме- се бағдарламалық жасақтама пакеті. Термин бағдарламалық жасақтамалардың белгілі бір түрлеріне қатысты айтылуы мүмкін, мысалы WWW серверіне немесе бағдарламалық жа- сақтама жұмыс істейтін машинаға қатысты, мысалы, «Біздің пошта сервері бүгін жұмыс істемейді, сондықтан, электронды хаттар жі- берілмейді». Ал жеке сервер машинасында бірнеше бағдарламалық жасақтама болуы мүмкін (үнемі болады), осылайша желіде- гі клиенттерге түрлі серверлерді ұсынады. Кейде серверлік бағдарламалық жасақтама сервлет секілді шағын бағдарламаларды бас- ты бағдарламаларға енгізуге болатындай жа- сақталады. #Сервлет (Servlet) – серверлік бағдарлама жасақтамасының мүмкіндігін кеңейтуге ба- ғытталған шағын компьютерлік бағдарлама. Интернет серверге қосылған және java тілінде жазылға «java servlets» шағын бағдарламаны осы жасақтаманың үлгісі ретінде қарастыруға болады. Әдетте java сервлеттерді қолданатын интернет серверде олардың көптеген түрлері болады, әрі әрқайсысы нақты бір жағдайды қарастыруға бағытталады, мысалы, бір серв- лет «қоржынға» элементтерді енгізуді өңдесе, екіншісі сол «қоржыннан» элементтерді өші- руді қарастырады. #Ситком (Sitcom) – телевизиядағы ситуа- циялық комедия; 1950 жылдардан бері теле- визиядағы басты өнім саналады. #Слайд (Slide) – жаңалықтарда және кор- поративтік видеода жиі қолданылатын жеке сурет, әдетте слайдтардан және кадр сыр- тындағы баяндаудан құралған презентацияға қатысты айтылады. Басында форматы 35 мм, кейде бұдан да үлкен болатын. #Скриншот (Screen grabs) – компьютер мониторындағы суреттің (кино, фото, видео- дан) графикалық кескінге түрленуі. #Стоп-кадр (Freeze-frame) – түсірілімді тоқтатып, жеке кадрды ұстап тұру. #Сызықтық монтаж (Linear editing) – жаңа бағдарламаға қосу мақсатында линия- лық таспаға алдын ала түсірілген балама ақпаратқа қол жеткізуге қатысты айтылады және бұл процесс көп уақытты алуы мүмкін. Ал сызықтық емес монтажда жаңа бағдарла- маны құру немесе өңдеу үшін кездейсоқ қол- данылатын цифрлық ақпаратты қамтиды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==