Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

11-ТАРАУ 518 #Микрофон алдындағы позиция (On mic) – микрофонды спикердің қасында ұстап тұру позициясы. #Микс (Dissolve) – қараңғылықтағы екін- ші кадр алдыңғы кадрды бастырмалатып шы- ғады. Көбінде DISS деп қолданылады. #Микс (Mix) – кинода дыбыстарды бірікті- ру мақсатында қайта жазылуы; радиода бір- неше дыбыс элеметтерінің бір таспаға немесе бір жолға бірігуі; (кейде бұл термин тарқату сөзінің орнына қолданылады). #Модем (Modem) – (Модулятор, демо- дулятор) – компьютерді телефон желісімен байланыстыратын құрылғы. Модем компью- терлер арасында телефон жүйесі арқылы сөйлесуге мүмкіндік жасайды. Былайша айт- қанда, телефон адамға қандай қызмет көрсет- се, модем де компьютерге дәл сондай қызмет түрлерін ұсынады. Қазіргі кезде модемді қол- данудағы максимум практикалық шығару жолағы секундына 57 000 битті құрайды. #Монитор (Monitor) – компьютердегі ақ- паратты көрсететін телевизиялық құрылғы. #Монтаж (Montage) – екі немесе одан да көп дыбыстар немесе видеоматериалдар жиынтығының бірігуі. #Монтаждау (Cutting) – бір дыбыстың немесе суреттің басқа дыбыс немесе суретке күрт ауысуы. #Музыкалық астар (Bed) – музыкалық база. #Мультиплекс (Multiplex) – радиода бір жиіліктегі арнадан бірнеше сигналды тарату, субтасымалдаушыларға жеткізетін қосымша сигналдар; телевизияда бірнеше дереккөзден бір камераға сигнал жіберуге қатысты айты- лады. #Мінгестіру (Super, superimposition) – те- левизияда бір экспозицияда бірнеше кадр- дың қабаттасып шығуы, кадрлардың бірінің үстіне бірінің мінгесуі. Н #Нетикет (Netiquette) – интернеттегі эти- кет. #Нобай (Outline) – бағдарлама концеп- циясын немесе сценарийлерін сату процесін- дегі алғашқы белес; негізінде, сценарий мен кейіпкерлер туралы баяндау; сонымен қатар тритмент ( treatment ) деп те аталады. О #Обьективтік (Fairness) – АҚШ Федерал- ды байланыс комиссиясының (FCC) бұрын- ғы талабы, аталмыш талапқа сәйкес радио немесе телевизия станциялары көпшіліктің таласын тудыртқан мәселенің тек бір жағын ғана ұсынбай, басқа да көзқарастарды тыңдау үшін салыстырмалы уақыт беруге тиіс. #Ойық (Mortise) – үстіне басқа материал қою үшін суреттің қиылатын тұсы. #Онлайн (Online) – телекоммуникация желілері арқылы басқа компьютермен бай- ланыстың орнатылуы. #Оператор арбасы (Dolly) – үстіне мик- рофон немесе камера орнатылған үш немесе төрт дөңгелекті тасымал құралы. Сонымен қатар арбаның камерамен нысанға қарай не- месе одан алыс қашықтыққа жылжуы. #Орта план (Medium shot) – Ірі план не- месе орташа ірі планнан үлкенірек кадр, бі- рақ 3/4 немесе түгел бойымен түсіретін кадр секілді кең емес. Көбінесе белге дейінгі дене бөлігін қамтиды. П #Панорама (Pan) – тұрақты позициядағы камераның горизонталды қозғалуы. #Парақша (Web page) – браузерді қарауға арналған HTML форматындағы құжат. Сайт бір немесе бірнеше парақшалардан құралады. #Перде (Wipe) – экрандағы алдыңғы кадр- ды горизонталды, вертикалды және диаго- нальді қозғап бастайтын, ығыстыратын неме- се өшіретін кадр. #Плагин (Plug-in) – бағдарламалық жа- cақтаманың үлкен бөлшегіне функцияларды қосатын шағын бағдарлама. Netscape® брау- зері және интернет серверде осы модуль- дер пайдаланылады. Сонымен қатар Adobe Photoshop-та осы модуль қолданылады. #Порт (Port) – ең әуелі, ақпараттың компьютерге келіп түсуін немесе одан жі- берілуін реттейтін орын. Мысалы, дербес компьютердегі тізбекті портқа модем қосуы мүмкін. Сонымен қатар интернет порты URL адрестің бөлшегі болып есептелінетін, до- мендік атаудан соң қойылатын қос нүкте бел- гісінен (:) кейінгі нөмір деп қарастырылады. Интернеттегі әрбір сервис сол сервердегі бел- гілі бір нөмірге сұраныс жасайды. Көптеген сервердің стандартты порт нөмірлері бар, мысалы, веб серверлер әдетте 80 портқа сұ- раныс жолдайды. Сервистер стандартты емес порттарға да сұраныс жолдауы мүмкін, бұл жағдайда сервер іске қосылған уақытта порт нөмірі URL адресінде көрсетілуге тиіс. Сон- дай-ақ порт термині бір компьютер жүйесі- нен екіншісіне бағдарлама жеткізуге қатысты да айтылады, мысалы, Windows бағдарлама- сын Macintosh жүйесіне көшіру. #Промо-ролик (Promo) – жарнамалық хабарландыру.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==