Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

517 ГЛОССАРИЙ #Қауырт уақыт (Drive time) – радиобағ- дарламалардың форматын анықтау және жарнамаларды орналастыруда маңызды са- налатын автомобиль қозғалысының қарбалас сағаттары. #Қауіпсіздік сертификаты (Security Certificate) – қауіпсіз байланыс орнату үшін SSL хаттамасымен қолданылатын ақпарат бөлшегі (мәтін түрінде сақталады). #Қиыстыру (Key) – алдыңғы планды арт- қы планға ауыстыру жолымен екі немесе одан да көп видеоресурсты біріктіретін арнайы эф- фект. #Қойылымдық сценарий (Scenario) – кино сценарийінің жоспары. #Қолданушылар желісі (USENET) – жүз мыңдаған машиналар арқылы таратылатын комментарийлерден құралған пікірталастық топтың бүкіләлемдік жүйесі. USENET ма- шиналарының барлығы дерлік интернетте орнықпайды. USENET жаңалықтар тобы деп аталатын 10 000-нан астам пікірталас алаңы, орталығы жоқ желі. #Қосымша сервері (Application server) – бір немесе бірнеше бағдарламалық жасақта- маны басқару, олардың желіде ашық болуын қамтамасыз ететін сервер, әдетте интернет серверге жалғау үшін қолданылады. Бағдар- ламалалық жасақтаманың бір бөлігі басқа бағдармалық жасақтамалар пакетін басқа- руының нәтижесінде басқарылған пакеттер- дің әрқайсысы сауалдарға тікелей жауап бе- руге қарағанда, жад және дерекқорға жету секілді ресурстарды тиімдірек қолдануға мүмкіндік береді. #Қосынды (Blending) – радионың эфи- рінде бір немесе бірнеше түрлі дыбысты бір уақытта біріктіруді, жіберуді айқындау үшін қолданылады. #Қысқаша баяндау парағы (Rundown sheet) – кейде толық баяндау парағымен ал- мастырылып қолданылады, бірақ бұл парақ- та толық ақпарат жазылмайды. #Қызмет туралы хабарлау (Service announcement) – қысқа ақпараттық хабар- ландыру, толығымен мемлекеттік қызметке қатысты ақпарды жариялау міндетті емес, бі- рақ әлеуметтік жарнамаға (PSA) ұқсас келеді. #Қызықтыру (Tease) – аудиторияның қы- зығушылығын оятып, назарын аудартатын бағдарлама сегменті, хабарландыру, заставка немесе басқа материал. #Құпиясөз (Password) – бұғатталған жү- йеге (логин) кіру үшін қолданылатын код. Күрделі құпиясөз әріптер және басқа да сим- волдардан құралады, сонымен қатар «virtue7» секілді жеңіл кодпен шешілмеуі керек. Л #Лазер (Laser) – жарықты мәжбүрлі сәу- лелендіру арқылы күшейту; көп арналы және көпқырлы телехабар таратудың үдемелі тәсі- лі. #Лид (Lead) – жаңалықтың алғашқы па- раграфы, әдетте бес негізгі сұраққа (5 Ws) жауап береді. #Лимбо (Limbo) – орындаушының каме- раның жарығы және позициясы арқылы қа- раңғы фонда көрінуі. #Логин (Login) – зат есім әрі етістік қыз- метін атқаратын термин. Зат есім: компьютер жүйесіне кіруге мүмкіндік беретін тіркелген жазба, (құпиясөзбен салыстырғанда) құпия емес. Етістік: пайдаланушы туралы деректер- ді («пайдаланушының аты» және «құпиясө- зі») енгізу арқылы компьютер жүйесімен бай- ланыс жасау әрекеті. Сонымен бірге «logon» деп те аталады. #Логотип (Logo) – станцияның, компа- нияның немесе өнімнің визуалды идентифи- кациялық таңбасы. М #Магниттік таспа (Magnetic tape) – маг- ниттік бөлшектермен жабдықталған таспа; телевизияда бағдарлама немесе басқа мате- риалдарды өндіру үшін қолданылды. #Мазмұндама (Summary) – ықтимал өн- дірушіге идея мен контентті қысқаша сипат- тау арқылы ұсынылған сценарий туралы ақ- пар беру. #Матастыру (Matte) – камера алдындағы бір орындаушыны басқа кадрға сай икемге келтіру секілді, екі түрлі визуалдық дерек- көздің бірігуі; қиыстыруға келіңкірейді, бірақ кадрдың түсін өзгерте алады. «Мat» немесе «matt» болып та жазылады. #Мәшап (Mashup) – RSS арнасы немесе REST интерфейсінен алынған материалды қолданатын, басқа дереккөздердің контент- терін автоматты түрде біріктіретін парақша немесе сайт. #Мегабайт (Megabyte) – миллион байт- тан құралған өлшеу бірлігі. Көп жағдайда миллионнан да көп саналатын 1024 килобайт терминімен алмастырылады. #Меңзер (Cursor) – компьютер экранында ағымдағы позицияны көрсететін сілтеуіш (не- месе көрсеткіш). #Микротолқын (Microwave) – толқын- ның 1000 MГц және одан да көп жиілікте таратылуы (үйге арналған кәдімгі қабылда- ғышпен қабылданбайды); арнайы екі нүктелі материалдар үшін қолданылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==