Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

11-ТАРАУ 516 #Кассета (Cassette) – ескі контейнер/ау- дио және видеотаспаларды ойнату құрылғы- сы. Қазір сирек қолданылады. #Квадруплекс (Quadruplex) – лентаны тұп-тұнық сапада жазу үшін төртбасты ви- деомагнитофонды қолдану; Ampex компа- ниясы шығарған магниттік видеожазудың алғашқы коммерциялық жүйесі. 1956 жыл- дан бастап 2,5 сантиметрлік C форматы шық- қанға дейін 5 сантиметрлік форматты таспаға басылды. #Кең бұрышты объектив (Wide angle lens) – суреттегі нысан аумағын кеңінен қам- титын қысқа фокусты қашықтықтағы объек- тив. #Кең жолақты желі (broadband) – коак- сиал және талшықты-оптикалық кабельде та- сымалданатын жоғары жылдамдықты және сыйымдылығы үлкен тасымалдаушы. #Кесу (Cut) – Кинода бір суреттің екінші суретке ауысуы, киноны өңдеу бөлмесінде жасалады; сонымен қатар түсірілім ретінің соңын көрсету үшін қолданылады. Телеви- зияда бір камерадан екіншісіне тез ауысуға қатысты айтылады. #Киберкеңістік (Cyberspace) – аудио, бейне, телефон, телевизия, телеграф және спутник секілді барлық медианың бірігуі. Бұл термин Уильям Гибсонның «Нейромант» атты романында туындаған. Қазіргі уақытта киберкеңістік сөзі компьютер желілері ар- қылы қолжетімді ақпараттық ресурстардың көлемін сипаттау үшін қолданылады. Кейде бұл сөзді интернет терминімен алмастырады. #Килобайт (Kilobyte) – 1024 (210) биттен құралған өлшеу бірлігі. #Кинескоп (Kinescope) – бұрындары те- левизияда қолданылған құрал, монитор ар- қылы кинескоппен түсірілген телевизиялық бағдарламаға қатысты айтылатын термин. #Киноплёнка (Stock) – алдын ала түсіріл- ген кино немесе кинотаспа. #Клиент (Client) – басқа компьютердегі серверлік бағдарламадан қашықтан ақпарат алу және байланыс орнату үшін қолданыла- тын бағдарлама. Әр клиент бағдарламасы сер- верлік бағдарламаның бір немесе бірнеше нақ- ты түрімен жұмыс жасауға бағытталған және әр сервер клиенттің нақты түрін талап етеді. Интернет браузері – клиенттің нақты түрі. #Коаксиал кабель (Coaxial cable) – бірне- ше желі мен каналды емін-еркін айналдыра- тын металл өткізгіш; сымды телевизия. #Колокация (Co-location) – көп жағдайда жеке адамға немесе топқа тиесілі интернетке қосылған желіге қосылған басқа адамның не- месе топтың серверін айқындау үшін қолда- нылады. Әдетте өз құрылғысын жоғары жыл- дамдықтағы интернет байланысына қосқысы келетін сервер иелері үшін немесе өз желіле- рінде басқа серверді қосу кезінде қауіпсіздік қатерлеріне кезігуді қаламайтын жағдайда қолданылады. #Компьютер (Computer) – ақпаратты цифрлық форматта басқаратын және сырт- қы құрылғыларды бақылайтын электронды жүйе. Фильм, телевизия және радио форма- тындағы бағдарламаларда немесе автордың мәтін процессоры ретінде қолданылатын із- деу және табу құрылғысы. #Конфликт (Conflict) – драмада бір-бі- ріне наразы екі немесе бірнеше кейіпкердің пьеса шиеленісін тудыртуы. #Кооперативтік хабарландыру (Co-op announcement) – коммерциялық желідегі алуан түрлі демеушілер; белгіленген жеке ха- бар. #Копирайтер (Copywriter) – үздіксіз ха- бар тарату жөнінде жазатын адам, көп жағ- дайда жарнама мәтінін жазушыларға қатыс- ты айтылады. #Кран кадры (Crane shot) – түсірілім ке- зінде кран арқылы түсірілген кадр. #Кризис (Crisis) – пьесадағы конфликті- нің шарықтау шегі және бір адамды жеңуге, ал екіншісін жеңілуге итермелейтін жағдай- дың орын алуы #Кіріспе (Intro) – әр бағдарламаны не- месе сериялық бағдарламалар аясында бел- гіленген сегменттерді таныстыруға арналған стандартты материал; stock opening деп те ата- лады. #Кіріспе лид (Lead-in) және Қорытын - ды лид (Lead-out) – телехикаяның басында әр эпизодты қысқаша қайталайтынындай, бағдарламаның мақсатымен таныстыратын материал және соңында аудиторияны келесі бағдарламаға дайындайтын материал. Қ #Қайта жазу (Rewrite) – жаңа ақпарат қосу үшін немесе сол ақпаратты білетін неме- се естіген көрермендерді одан сайын қызық- тыра түсіру үшін сюжет желісін екінші мәрте (тіпті үшінші рет) жазу. #Қайталау (Instant replay) – видеотаспа- ны қайталап көрсету, көп жағдайда тікелей эфирде берілетін спорттық шараларда қол- данылады. #Қатысушы жарнама (Participating announcement) – бағдарлама шығынын бө- лісетін бірнеше жарнама берушінің жарнама роликтері.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==