Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
515 ГЛОССАРИЙ желіні біріктірген кезде, интернет желісі пай- да болады. #Желіаралық интерфейс (Gateway) – екі түрлі протоколдың арасында таратылатын ап- параттық немесе бағдарламалық жасақтама құрылғысына қатысты айтылатын техникалық термин; мысалы, America Online порталы өз қызметкерлері арасында патенттелген элек- тронды пошта және интернет поштасы фор- матында желіаралық интерфейсті іске қосады. Бұл терминнің кереғар мағынасы – басқа жүйе- ге жалғануды ұсынатын кез келген механизмді сипаттау; мысалы, AOL (America Online) интер- нетке желіаралық интерфейс саналады. #Желілік протокол (Finger) – басқа ин- тернет сайттардан адамдарды іздеуге арнал- ған интернет құралы. Кейде жеке адамға тие- сілі емес ақпаратқа қол жеткізу үшін қолда- нылады, бірақ көп жағдайда қолданушының нақты интернет сайтта аккаунтының бар-жо- ғын тексеру үшін пайдаланады. Сайттар ке- ліп түскен сауалды қабылдамайды, ал кейбірі қабылдайды. #Желі фотосы (Wirephoto) – жаңалық- тарға пайдалану үшін телефон арқылы жібе- рілген фото. #Жеке сурет (pic) – сценарийде көрсетіл- ген жеке сурет. Рix – көпше түрі. #Жергілікті желі (Ethernet) – жергілікті есептеу желісінде (LAN) компьютерлермен байланыс орнатудың өте кең таралған тәсілі. Аталмыш желінің бірнеше түрлері бар. 2001 жылға дейін секундына 100 000 000 битті өң- дей алған және компьютердің кез келген тү- ріне қолданылатын «100-BaseT» стандарт түрі қолданыста болды. #Журнал форматы (Magazine format) – мазмұнға байланбайтын, түрлі сегментті қам- титын бағдарлама форматы. #Жүктеп алу (Download) – мәліметті (кө- бінде файлды) бір компьютерден екіншісіне көшіру. Жүктеуге (upload) қарама-қарсы сөз. Е #Ен (Icon) – компьютер бағдарламасын, файл немесе материалды көрсететін кішкен- тай сурет немесе символ. И #Интерактив (Interactive) – көбінесе компьютер немесе кабель арқылы ақпарат іздестіру немесе нұсқамаларға жауап беруге бағытталған екі жақсы байланыс; басқа қол- данушының әрекетіне әсер ететін компьютер- лер, ойындар, мультимедиа жүйелері және басқа құрылғылар. #Интернет (Internet) – TCP/IP протокол- дарын қолдану арқылы байланысқан және 1960 жылдардың соңы мен 1970 жылдардың басында ARPANET -тен жасалған өзара бай- ланысты желілердің үлкен топтамасы. Ин- тернет он мыңдаған тәуелсіз желілерді үлкен ғаламдық интержелімен байланыстырады және әлемдегі ықтимал ең ірі ғаламдық желі. #Интернет қолданушысы (Netizen) – «citizen», яғни, тұрғын терминінен алынған, интернет азаматы немесе желілік ресурстар- ды пайдаланушы. Сонымен қатар бұл термин азаматтық жауапкершілік және қатысу деген мағынаға ие. #Интернет трансляциясы (Webcasting) – интернеттегі хабар таратушы бағдарлама- лар. #Интерьер (Interior) – кино сценарийіне сәйкес декорация орнату. #Инфотеймент (Infotainment) – ақпарат- тық контентке негізделіп, көрермен назарын аударту үшін көңіл көтеретін бағдарлама жа- сау. К #Кабель (Cable) – хабар тарату немесе эфирлік желіден бөлек өткізгіш. #Кабельдік телевизия (Narrowcasting) – тарату және қабылдау технологияларының даму үрдісіне орай, көптеген бағдарлама ар- найы аудиторияға бағытталады. #Кадр (Frame) – жеке визуалдық сурет; әдетте коммерциялық кадрға қатысты қолда- нылады. Сондай-ақ видеодағы немесе кино- дағы жеке суретті көрсету үшін де қолданы- лады. #Кадрнама (Storyboard) – видео мен ау- дионы хронологиялық тәртіпте рет-ретімен көрсететін кадрлар тізбегі; коммерциялық жарнаманы дайындап сатуға, ал кинода сю- жет желісін дамытуға тиіс. #Кадрды қарауыту, ал дыбысты құ - былту (Fade) : (fade in – қарауыту, дыбысты зорайту), (fade out – қарауытудан шығу, ды- бысты бәсеңдету) – дыбыстың (радиода) не- месе кадрдың (телевизияда) біртіндеп пайда болуы немесе еміс-еміс жоқ болып кетуі. #Камкордер (Сamcorder) – жинақы құ- растырылған камера және видеомагнитофон. #Карт (Cart) – аудиокартриж, радионың ескі сценарийлерінде бағдарламадағы белгі- лі бір орында қойылатын сегментті белгілеу үшін әдетте картриж нөмірін көрсетеді; кей- бір сценарийлерде аудиотаспадағы сегмент- ке қатысты нөмірі көрсетілген «cut» термині қолданылады. Қазір бұл сирек қолданыста.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==