Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

11-ТАРАУ 514 #Бридж (Bridge) – радиобағдарламаның қатар тұрған екі сегментін байланыстыратын дыбыс немесе музыка. #Бум (Boom) – телевизияда қолданыла- тын, үстіне микрофон немесе камера орна- тылған кран немесе созылмалы бақан, соны- мен қатар кейіпкерлерге ілесуге немесе жа- қындауға мүмкіндік береді. В #Вертикал панорама (Tilt) – тұрақты по- зициядағы камераның вертикалды қозғалуы. #Видеодиск (Videodisc) – видеотаспа қа- былдағышы; тазартып қайта жазу оңай, мол мәліметті видеоны сақтайтын пластинка іс- петтес құрылғы. #Видеокассета (VCR) – видеокассета не- месе видеомагнитофон. #Видеокомпрессия (Video compression) – цифрлық видеоматериалдың ақпарат кө- лемін тығыздау. Видеоны жіберуге қажетті шығару жолағын азайтады. Сонымен қатар видеоның сапасын аз-маз сығымдап, деректі 15–30 есе көбірек сақтауға мүмкіндік береді. #Видеоматериал (А/B roll) – A/B/C/D ма- териалдары сызықтық монтаж кезінде қол- данылады; кадрларды бастырмалату немесе арнайы эффектілер жасау үшін бір немесе бірнеше видеотаспалар бір қалыпқа сәйкес- тендіріледі. #Видеотаспа (Videotape) – бағдарлама сегменттерін немесе бүкіл бағдарламаны жазу, сақтау және іске қосу үшін қолданыла- тын магниттік таспа. #Вирус (Virus) – адамның араласуынсыз өз көшірмелерін жасайтын компьютерлік бағдарлама кодының бір бөлігі. Кейбір ви- рустар өздерін көшірумен қатар, хабарларды көрсетіп, басқа бағдарламалық жасақтама мен файлдарды орнатып, өшіре алады. Әдет- те вирустар бағдарламамен, кей жағдайда файлдар арқылы таралады. Мысалы, Microsoft word processor форматындағы файлдар немесе «макрос» аталатын электронды кесте бағдар- ламасымен өтіп кетеді. Г #Гамманы түзету (Gamma correction) – негативті кинолардағы контрасты реттеу. Со- нымен қатар бұл термин видеода жарық сиг- налының орташа диапазонын айқындау үшін де қолданылады. #Герц (Hertz) – жиіліктің әр бірлігін өл- шеу, 1 (Гц) секундына бір циклге тең. # Гигабайт (Gigabyte) – 1000 немесе 1024 мегабайтқа тең өлшеу бірлігі. #Гипермәтін (Hypertext) – сәйкес мате- риалдарды біріктіретін және сілтемелер ар- қылы басқа хосттағы құжаттармен алмасуға мүмкіндік беретін ақпарат іздеу әдісі. Былай- ша айтқанда, басқа құжаттарға сілтемесі бар кез келген мәтін немесе оқырманның құжат- тардан таңдаған сөздері немесе сөздер тізбе- гі нәтижесінде басқа құжаттың пайда болуы және оны экранда көрсетуі. #Графика (Graphics) – бағдарламада қол- данылатын визуалдық материалдар (таспаға немесе тікелей түсірілгеннен бөлек). Д #Демографика (Demographics) – аудито- рияның табиғатын зерттейтін анализ. #Дерекқор (Database) – компьютер жүйе- сі арқылы қол жеткізуге болатын құрылым- далған ақпарат топтамасы. #Домендік атау (Domain name) – интер- нет сайтты анықтайтын жеке атау. Домендік атаулар нүктелермен бөлінген бір немесе бір- неше бөліктен құралады. Атаудың сол тара- бы нақты атау, ал оң тарабы жалпылама са- налады. Компьютерде бірнеше домендік атау болуы мүмкін, бірақ домендік атаулар тек бір компьютерді көрсетеді. #Дөңгелету (Scroll) – компьютер экра- нын жоғары һәм төменге қозғалту. Бір кез- дері теле-шоуды әзірлеген түсірілім топ титріне қатысты айтылатын, арагідік қол жетпес заманауи жабдықтарға байланысты қолданылды. #Дубль (Outtake) – шоуды дайындауда тү- сірілген, бірақ дайын бағдарлама немесе ки- нодан алынып тасталынған материал. Ж #Жад (Memory) – компьютердің ақпарат- ты сақтау сыйымдылығы. #Жалпы план (Establishing shot) – бағ- дарламаны немесе физикалық ортаны құру- шы жүйені ашатын кең бұрышты қалыпта түсірілген кадр. #Жанама жарнама (Cross plug) – бір стан- цияның бағдарламасы немесе жарнама беру- шінің басқа өнімдері туралы хабарландыру. #Жанашырлық (Empathy) – аудитория- ның бағдарламадағы бір немесе бірнеше ке- йіпкердің эмоциясына, проблемасына және қуанышына ортақтасуы. #Жаңалық кестесі (Lineup) – ақпараттық хабарда шығатын репортаждардың тізбегі. #Желі (Network) – бір-біріне жалғанған екі немесе бірнеше компьютердің өзара ма- териалдармен бөлісуі. Екі немесе одан да көп

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==