Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
ГЛОССАРИЙ А #Автоматтандыру (Automation) – кей медиақұралды басқару және қызметкердің атқаруға тиіс кейбір міндеттерді орындату мақсатында компьютерлерді қолдану. Бұл термин телевизияда спутниктік арналар- ды орнату, видеотаспаға жазылған жарнама және алдын ала түсірілген бағдарламаны бас- тау үшін қолданылады. #Авторлық құқық (Copyright) – автордың төл туындысына берілетін құқықтық мәртебе, туындыны автордың рұқсатынсыз қолдану- дан қорғайды. #Аналог (Analog) – радио мен телевизия- да материалды цифрлық құрылғысыз жазу. #Ашық бағдарламалық жасақтама (Open Source Software) – негізгі бағдарлама- лау кодын бүркемеген бағдарлама. Қолдану- шылар кодты оқи алады, қалауынша өзгер- тіп, сол өзгерістерге сай жаңа бағдарламаны өрбіту мүмкіндігіне ие болады. Ашық бағдар- ламалық жасақтаманың көптеген түрі бар, көбінде негізгі код (өзгертілген) көшірмелері- нің таратылуын мүмкін (немесе қажет) ететін лицензиялау шарттары бойынша бірнеше түрге бөлінеді. #Апертура (Aperture) – фильм түсіруге жеткілікті жарық көлемін бақылауға мүм- кіндік беретін камера объективіндегі тесіктің диаметрі, мұны иристік тесік деп те атайды. #Апплет (Applet) – HTML бетіне кірікті- рілген шағын Java бағдарламасы. Апплеттің артық-кемі жоқ Java қосымшаларынан өз- гешелігі – мұнда жергілікті компьютердің файлдары және мәліметтерді өңдеу құрылғы- лары (модем, принтер т.б.) секілді дереккөзге жалғанбайды және басқа компьютермен желі арқылы байланыспайды. Бағдарламаның заң- дылығына сай, тек апплет жіберілген компью- тер интернетке қосылады. HTML , Java -ны қа- раңыз. #Атрибуция (Attribution) – ақпарат көзін көрсету немесе жаңалықтарда дәйексөз келті- ру. #Аудиметр (People meter) – көрермендер- ді қатыстыруды талап ету нәтижесінде, нақты сандарды көрсететін аудиторияны өлшеу құ- ралы. #Ауысу (Segue) – радиостанцияларды ауыстыру. #Атом (Atom) – контентті синдикаттау мен бөлісуді көздейтін протокол. Атом, шы- нымен, қарапайым синдикацияның (RSS) ор- нын басушы және одан да жақсы жұмыс істеу үшін даму үстінде. RSS-тан әлдеқайда күрделі протокол цифрлық қолтаңба, автордың гео- графиялық локациясы, ықтимал қауіпсіздік/ шифрлау, лицензиялау т.б. секілді қосымша функцияларға қолдау көрсету мүмкіндігіне ие. RSS секілді XML-ге негізделген. Б #Бағдарламалық жасақтама (Software) – компьютерге қандай операцияларды орын- дауға жөн сілтейтін нұсқаулық. #Байт (Byte) – бір символды бейнелейтін биттер жиынтығы. Әдетте 1 битте 8 байт бар, бірақ өлшеудің қалай жүргізілгендігіне бай- ланысты бұдан да көп биттер болуы мүмкін. #Бақылау басшылығы (Ascertainment primer) – АҚШ Федералды коммуникация комиссиясының (FCC) талабы, лицензия алу- ға немесе оны жаңартуға тапсырыс берген станция қоғамдық мәселелерді зерттеуге тиіс және бағдарлама дайындағанда сол мәселе- лердің қалай шешілгендігі, алдағы уақытта қалай шешетіндігі туралы көрсетуге міндетті. #Бампер (Bumper) – жарнаманың басын- да я соңында, бағдарламаның аяғына таман қосылатын материал (фирмалық таңба, лого- тип). Мәселен, MGM -нің ақырған арыстаны. #Басқару пульті (Control board) – радио- ның барлық каналындағы дыбысты реттейді, екі немесе бірнеше каналдағы дыбысты бірік- тіретін аспап. Кейде микшер деп те аталады. #Бастапқы бет (Home page) – басқа па- рақшаларға сілтемесі болатын сайттың бас- тапқы беті. Браузер іске қосылған уақытта пайдалану үшін орнатылған парақша. Көбі- несе бизнес, ұйым, тұлғаға қатысты кеңінен қолданылады немесе парақшалардың топта- масынан тыс, кәдімгі бастапқы бетті сипаттау үшін айтылады. #Бинарлық код (Binary) – бірыңғай бір- ліктер мен нөлдерден тұратын ақпарат. Сон- дай-ақ суреттер секілді, қарапайым мәтін файлдар болып есептелмейтін материалдар- ды жіберу үшін де қолданылады. #Бөлінген экран (Split screen) – телеви- зия экранына екі немесе одан да көп кадрдың қосарласып шығуы. #Браузер (Browser) – интернеттегі түрлі дереккөздерден құжаттар табуға және қол жеткізуге мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарлама. Сонымен қатар қолданушы да браузинг әрекетіне қатысады. 513
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==